|
|
|
Медициналық-әлеуметтік сарапшылық комиссиялар туралы ережені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 703 қаулысына сәйкес осы қаулының күшi жойылды "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы ереже бекітілсiн. 2. Мыналардың: 1) "Медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиялары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 571 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 жыл, № 27, 409-құжат); 2) "Техникалық және басқа да жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшiн мүгедектiліктi және дәрiгерлiк айғақтамаларды анықтаудың негiзгi белгiлерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 16 маусымдағы № 531 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 24, 372-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы "24" тамыздағы № 1298 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы ереже 1-бөлiм. Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссияларды құру және олардың қызметi 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Медициналық әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ 16 жасқа дейiнгi балалардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мүгедектігін айқындау үшiн "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес құрылатын медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялардың (бұдан әрi - МӘСК) қызметiн реттейдi. 2. МӘСК өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. МӘСК өз жұмысын аумақтық қағидат бойынша: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының (бұдан әрi - жоғары МӘСК); аудандардың, қалалардың, қалалардағы аудандардың (бұдан әрi - бастауыш МӘСК) аумағында жүргiзедi. 4. МӘСК-нiң негiзгi мiндеттерi: 1) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мүгедектiкке ұшырау мерзiмдерi мен уақытын, 16 жасқа дейінгі балалардың мүгедектiгiн айқындау; 2) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеу мүгедектердi оңалтуды қоса алғанда, оларды әлеуметтiк қорғау iс-шараларын iске асыруға жәрдемдесу осы iс-шаралардың тиімдiлігін айқындау; 3) МӘСК-де куәләндырылатын мүгедектердi есепке алудың мемлекеттік жүйесiнiң деректерiн қалыптастыру аймақтағы мүгедектiктiң жағдайын, серпiнiн және себептерiн зерделеу; 4) мүгедектiктiң алдын алу, медициналық-әлеуметтiк сараптау, мүгедектердi оңалту мен әлеуметтік қорғау салаларындағы кешендi бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу болып табылады. 5. МӘСК қызметiн денсаулық сақтау, мүгедектердi медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ мүгедектердiң қоғамдық ұйымдарымен өзара бiрлесе отырып жүзеге асырады. 6. МӘСК өз қызметiнде Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органы бекiтетiн бастапқы есепке алу-есеп беру құжаттарының нысандары мен қатаң есептiлiк бланкiлерiн (МӘСК-нiң анықтамаларын) пайдаланады. 2-тарау. МӘСК-нi ұйымдастыру 7. МӘСК еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жүйесіндегі тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ұйымдастырылады. МӘСК облыстық, Астана және Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының құрылымына кiредi. МӘСК-нi қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 8. Бастауыш МӘСК-нi ұйымдастыру 120 мыңнан аспайтын адамға бiр бастауыш МӘСК есебiнен тиiстi аумақтағы халықтың санына қарай жүргiзiледi. 9. Аурудың жалпы деңгейіне және құрылымына, мүгедектiлiкке қарай бастауыш МӘСК жалпы бейiндi және арнаулы бейiндi (туберкулезбен ауыратын науқастарды, жүйкесi бұзылған адамдарды медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткізу үшiн) болуы мүмкiн. 10. Жалпы бейіндегі бастауыш МӘСК 4 сарапшы-дәрігерден (терапевт, невропатолог, хирург, реабилитолог) тұрады. Қажет болған жағдайларда бастауыш МӘСК-нiң қызметiне консультант ретiнде дәрiгер-педиатр тартылуы мүмкiн. Арнаулы бейіндегі бастауыш МӘСК-нің құрамына мамандықтары МӘСК-нiң бейiнiне сәйкес келетiн 2 сарапшы дәрiгер, сондай-ақ реабилитолог, терапевт немесе невропатолог енедi. 11. Жоғары МӘСК-нiң құрамына 4 сарапшы дәрiгер (терапевт, хирург, невропатолог, реабилитолог) енедi. Жоғары МӘСК бастауыш МӘСК-ның санына қарай, әдетте, 5 бастауыш МӘСК-ге бiр құрам есебiнен, бiр немесе бiрнеше құрамнан құрылады. Медициналық, құқықтық және басқа да мәселелердi шешу үшiн консультанттар (педиатр, психолог, заңгер және басқа да мамандар) тартылады. 12. МӘСК-ге аға медбике, медициналық тiркеушi және автомобиль жүргiзушi қызмет көрсетедi. 13. МӘСК-нiң төрағасы болып оған кiретiн, клиникалық немесе сараптау қызметiнде кемiнде 5 жыл стажы бар, жоғары біліктi маман болып табылатын дәрiгерлердiң бiреуi тағайындалады. МӘСК-нiң төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, медициналық-әлеуметтiк сараптау мен мүгедектердi оңалтудың сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, МӘСК-нiң қызметi үшiн дербес жауаптылықта болады. МӘСК-нiң төрағасын, дәрiгерлерiн, орта (аға медбике, медициналық тiркеушi) және қызмет көрсетушi (қызмет бөлмелерiн жинаушы, гардеробшы, аула сыпырушы, жүргiзушi және т.б.) қызметшiлерiн облыстық, Астана және Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органдар қызметке тағайындайды және босатады. 14. Медициналық-әлеуметтiк сәрапшылық комиссиялардың мөртаңбасы мен мөрi болады. 3-тарау. МӘСК-нiң мiндеттерi мен құқықтары 15. Бастауыш МӘСК-лерге: 1) куәландырылатын адамдар ағзасының бұзылған қызметiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң, әрекетiнiң шектелуiнiң дәрежесiн және мүгедектiгi фактiсiнiң бар екендiгiн айқындау; 2) еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты жарақат алған, кәсiби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамдардың кәсiби еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту деңгейiн және әлеуметтiк қорғаудың қосымша шараларын жүзеге асырудың қажеттiлiгiн анықтау; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қайтыс болған адамның отбасына әлеуметтiк төлемдер жүргiзiлген кезде, қайтыс болуының өндiрiстiк жарақатпен, кәсiби аурумен және басқа да жағдайлармен себептi байланысын анықтау; 4) адамдарға медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды әзiрлеуге көмек көрсету; 5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын қалыптастыру және түзету (медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту жөнiндегі iс-шаралардың түрлерiн, нысандарын, мерзiмдерiн және көлемдерiн белгiлеу), сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылау; 6) қалпына келтiрiп емдеу кезеңiне уақытша еңбекке жарамсыздық мерзiмiн ұзарту; 7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларында көзделген iс-шаралардың орындалуын ұдайы байқау үшiн мүгедектердi бақылаулық куәландыруды жүргiзу; 8) тиiстi әскери комиссариаттарға әскери мiндеттiлер мен әскерге шақыру жасындағы адамдарды мүгедек деп танудың барлық жағдайлары туралы мәлiметтер ұсыну мiндеттерi жүктеледi. 16. Жоғары МӘСК-ге: 1) бастауыш МӘСК-нiң қызметiне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты және бақылауды жүзеге асыру; 2) бастауыш МӘСК-нiң қорытындыларына шағымданған адамдарды медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткізу сондай-ақ бақылау тәртібімен бастауыш МӘСК-нiң қорытындыларын тексеру және бұл қорытындылардың негiзсiздiгi аңғарылған жағдайда оларды тоқтату және өз қорытындысын шығару; 3) күрделi (даулы) жағдайларда бастауыш МӘСК-нiң жолдамалары бойынша науқастар мен мүгедектердi куәландыруды жүргiзу; 4) бастауыш МӘСК-нің дәрiгерлерiмен денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық-әлеуметтiк сараптама мен мүгедектердi оңалтудың түрлi мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсету және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шараларды өткізуге қатысу; 5) МӘСК-нiң жұмыс тәжiрибесiне медициналық-әлеуметтiк сараптаманың ғылыми озық қағидаттары мен әдiстерiн енгізу, МӘСК жұмысының озық тәжiрибесiн қорыту және тарату, сарапшылық қателердi анықтау және оларды жою жөнiнде әдiстемелiк нұсқаулар әзiрлеу; 6) облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы мүгедектiктiң деңгейi мен серпiнiн, медициналық-әлеуметтiк сараптау және мүгедектердi оңалтудың жай-күйiн талдау; 7) тиiстi мемлекеттік органдарға медициналық, құқықтық, әлеуметтiк және мүгедектiк пен мүгедектердi оңалтуға жататын басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу мiндеттерi жүктеледi. 17. МӘСК-нiң өзiнiң уәкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн: 1) меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардан МӘСК-нің шешiм қабылдауы үшiн және МӘСК-ге жүктелген басқа да функцияларды орындау үшiн қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға; 2) клиникалық-функционалдық диагноз бен кәсiби мүмкiндiктерiн нақтылау мақсатында медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткен адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарына тексеруге, қалпына келтiрулiк емдеуге жiберуге; 3) МӘСК-ге жолдама тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда оны пысықтауға денсаулық сақтау ұйымдарына қайтаруға; 4) МӘСК-нiң мамандарын мүгедектердiң еңбек жағдайларын және оларды оңалту iс-шараларын орындауын зерделеу мақсатында, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарға жiберуге құқығы бар. 4-тарау. Медициналық-әлеуметтiк сараптаманы жүргiзудiң тәртібі 18. Ауру, жарақат немесе кемiстiк салдарынан ағза қызметтерiнiң тұрақты бұзылуы, тыныс-тiршiлiк әрекетiнiң шектелуi бар адамдар МӘСК-де куәләндыруға жатады. 19. МӘСК адамға, баланың ата-анасына (қамқоршысына) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы жүргiзудiң тәртібі мен шарттарын түсiнiктi түрде таныстыруға мiндеттi. 20. Адамды медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткізу тұрақты тұратын жерi немесе бекітілген жерi мен тиiстi денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы жүргiзiледi. Егер, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысына сәйкес, адам денсаулық жағдайына байланысты МӘСК-ге келе алмаса, медициналық-әлеуметтiк сараптама оның келісімiмен үйде, адам ем алып жатқан стационарда, баланың ата-анасының (қамқоршысының) келісімiмен (елдi мекеннiң алыстығына және ауыр халдегi ауруды қозғауға болмайтын айрықша жағдайларда) медициналық құжаттардың негiзiнде сырттай жүргiзiлуi мүмкiн. 21. Денсаулық сақтау ұйымы қажеттi диагностикалық, емдеу және оңалту iс-шараларын жүргiзгеннен кейiн ауру, жарақат немесе кемiстiк салдарынан ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын деректер болған жағдайда, азаматты белгiленген тәртiпте медициналық-әлеуметтiк сараптауға жiбередi. МӘСК-нiң куәландыру жолдамасының үлгiсiн Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен келісім бойынша денсаулық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекiтедi. 22. Дәрiгерлiк тексерудiң сапасы, медициналық-әлеуметтiк сараптамаға адамдарды уақытылы және негiздi жiберу үшiн жауапкершiлiк тиiстi денсаулық сақтау ұйымының басшысына жүктеледi. 23. МӘСК адамдарды куәландыру жөніндегі отырыстарды толық құрамында жүргiзедi, ұсынылған деректердi (клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк-тұрмыстық, кәсiби-еңбектiк және басқа деректердi) қарайды, адамды жеке тексеруден өткiзедi, оның тыныс-тiршiлiк әрекетiнiң шектелу дәрежесiн бағалайды және алынған нәтижелердi алқа болып талқылайды. Сараптамалық қорытындының деректерi куәландыру актiсi мен отырыс хаттамасына жазылып, оған МӘСК төрағасы мен басқа да дәрiгерлерiнiң қолы қойылып, мөр басылады. 24. Адамды куәландыру үшiн қажетті құжаттардың МӘСК-ге келiп түскен күнi мүгедектiктi белгiлеу күнi болып саналады. МӘСК-де құжаттарды қарау мерзiмi 15 күннен аспауы тиiстi. Мүгедектiк тобы мен оның белгiлену күнi еңбекке жарамсыздық парағында немесе еңбекке жарамсыздық парағы берiлмейтiн жағдайда, уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын анықтамада көрсетiледi. 25. Адамды мүгедек деп тану не мүгедектiктi белгiлеуден бас тарту туралы қорытындыны бастауыш МӘСК-нiң дәрiгерлерi қабылдайды. МӘСК мүгедек деп танылған адамға, баланың ата-анасына (қамқоршысына) тиiсiнше: мүгедектiгi туралы, кәсiби еңбек қабiлеттiлiгiнен айрылғаны туралы пайызбен, жүрiп-тұру құралдары, басқа да қосымша көмек түрлерi және басқалары туралы анықтама бередi. МӘСК-нiң куәландыру актiсiнiң көшiрмесi мен басқа да қажеттi анықтамалар 3 күндiк мерзiм iшiнде мүгедектiгi бойынша мемлекеттік-әлеуметтiк жәрдемақы тағайындайтын органдарға, сондай-ақ әлеуметтiк көмек пен медициналық-әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асырушы мекемелерге жiбередi. Бастауыш МӘСК-нiң құрамы сараптау қорытындысын қабылдай алмайтын жағдайларда, адамды куәландыру актiсi 3 күндiк мерзiм iшiнде жоғары МӘСК-ге жiберiледi, ол осы мәселе бойынша белгiленген тәртiппен 15 күннен аспайтын мерзiмде шешiм қабылдайды. Жоғары МӘСК-нiң қорытындысы соңғы шешiм болып табылады. 26. Топтар бойынша мүгедектiк 6 ай, 1 жыл немесе 2 жыл мерзiмге белгiленедi. 16 жасқа дейiнгi балаға "мүгедек-бала" санаты 6 айдан 2 жылға дейiнгi, 2-ден 5 жылға дейiнгi мерзiмге және 16 жасқа дейiнгi мүгедек бала болып танылатын медициналық айғақтамаларға сәйкес 16 жасқа толғанға дейiн белгiленедi. Мүгедектiк мерзiмi оңалту әлеуетiне сәйкес жеке белгiленедi. Мүгедектiк қайта куәландыру тағайындалған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiне дейiн белгiленедi. Мынадай мүгедектерге мерзімсiз мүгедектiк белгіленедi: қалпына келтiрiлмейтiн анотомиялық кемiстiктерi болса; органдар мен ағза жүйесiнiң функциялары тұрақты, қалпына келтiрiлмейтiн өзгерістерi және бұзылуы кезiнде, МӘСК-нің бiрiншi топтағы мүгедектi - 4 жылдан кем емес, екiншi топтағы мүгедектi - 6 жылдан кем емес уақыт бақылауынан кейiн өткiзiлген оңалту iс-шаралардың тиiмсiз болуы. 27. Қасақана негізсiз шешiм шығаруға, мүгедектiк туралы заңсыз құжаттар беруге кiнәлi адамдар заңнамалық кесiмдерде көзделген жауаптылықта болады. 5-тарау. Мүгедектердi қайта куәландыру тәртібі 28. Мүгедектiктi қайта куәландыру адамды мүгедек деп тану үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi және белгіленген мүгедектiк мерзiмi аяқталуына кемiнде екi ай қалғанда жүзеге асырылуы мүмкiн. 29. Мүгедектi белгiленген мерзiмiнен бұрын, сондай-ақ мүгедектiгi қайта куәландыру мерзiмiнсiз белгiленген адамдарды қайта куәландыру - оның денсаулық жағдайы өзгеруiне байланысты денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша, сондай-ақ мүгедектiктi белгiлеуге негiз болған құжаттардың жалғандығы белгiленген тәртiппен анықталған жағдайда жүргізiледi. Бастауыш МӘСК-нiң негiзсiз қорытынды беру фактiсiне көз жеткiзiлген жағдайда, қайта куәландыруды бастауыш МӘСК-нiң негiзсiз қорытындысының күшiн жоятын жоғары МӘСК жүргiзедi. 2-бөлiм. Мүгедектiк пен 16 жасқа дейiнгi балалардың мүгедектiгi топтарын белгiлеу 6-тарау. Жалпы ережелер 30. Адамды мүгедек деп тану медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзiлген кезде оның денсаулығының жай-күйiн кешендi бағалау және тыныс-тiршiлiк әрекетiнiң шектелуi дәрежесi ескерiлiп, осы Ережеде белгiленген жiктемелер мен өлшемдер сақтала отырып жүзеге асырылады. 31. Ағза функцияларының бұзылу және тiршiлiк ету әрекетiнiң шектелу дәрежесiне қарай мүгедек деп танылған адамға бiрiншi, екiншi және үшiншi топтағы мүгедектiк, ал 16 жасқа дейiнгi балаға "мүгедек-бала" санаты белгiленедi. 32. Мыналар мүгедектiктiң себептерi болып табылады: 1) жалпы ауру; 2) еңбек жарақаты; 3) кәсiби сырқат; 4) бала кезiнен мүгедектiк; 5) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған, әскери iс-қимылдарға қатысуына байланысты, әскери қызметiн өткеру кезiнде, әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес бақытсыз жағдайлар нәтижесiнде алған жарақаттану, контузиялану, травма, зақымдану, ауру; 6) төтенше экологиялық жағдайлар, сонымен қатар ядролық жарылыстар мен сынақтарды өткізу және/немесе олардың салдар-себептi байланысы анықталған жағдайда, солардың салдарынан радиация әсерiне шалдығу нәтижесiнде алған зақымдану, ауру. 7-тарау. Жiктемелер 33. Адам ағзасының негiзгi функцияларының бұзылуын жiктеу: 1) ағзаның психикалық функцияларының бұзылуы (қабылдауы, назары, еске сақтауы, ойлауы, сөйлеуi, сезiнуi, ерiк-жiгерi); 2) сезiну функцияларының бұзылуы (көру, есту, иiс сезу, түйсiну); 3) статодинамикалық функцияларының бұзылуы; 4) қан айналымы, дем алу, ас қорыту, бөлiну, зат алмасуы мен iшкi секреция энергиясы функцияларының бұзылуы. 34. Ағза функциялары бұзылуының айқын көрiну дәрежесiне қарай жiктеу: 1) бiрiншi дәреже - функциялардың шамалы бұзылуы; 2) екiншi дәреже - функциялардың орташа бұзылуы; 3) үшiншi дәреже - функциялардың айқын бұзылуы; 4) төртiншi дәреже - функциялардың едәуiр немесе қатты айқын бұзылуы. 35. Тiршiлiк етудiң негiзгi санаттарын жiктеу: 1) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi - негiзгi физиологиялық қажеттіктерiн өз бетiмен қанағаттандыра алу күнделiктi тұрмыстық әрекет жасау және жеке гигиена дағдыларын орындай алу қабiлеттiлiгi; 2) өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттiлiгi - кеңiстiкте өз бетiмен қозғала алу, кедергiлерден өту, өзi орындайтын тұрмыстық, қоғамдық, кәсiптiк қызметтер шегiнде денесiн тепе-тең қалпында ұстай бiлу қабiлеттiлiгі; 3) оқуға қабiлеттiлiгi - білімдi қабылдап, түйсiне алуға (білімдiлiк, кәсiптiк және т.б.) дағдылар мен машықтарды игеруге (әлеуметтiк, мәдени және тұрмыстық) қабiлеттiлiгi; 4) еңбек етуге қабiлеттiлiгi - жұмысты орындау, мазмұнына, көлемiне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес iс-әрекетiн жүзеге асыру қабiлеттiлiгi; 5) бағдарлай бiлу қабiлеттiлiгi - уақытты және кеңiстiктi бағдарлай бiлу қабiлеттiлiгi; 6) қарым-қатынас жасауға қабiлеттiлiгi - ақпараттарды қабылдау, зерделеу және беру арқылы адамдар арасында қатынас орнатуға қабiлеттiлiгi; 7) өзiнiң мiнез-құлқын бақылауға қабiлеттiлiгi - өзiн сезiне бiлуге және әлеуметтiк құқықтық нормаларды ескере отырып, бара-бар мiнез-құлыққа қабiлеттiлiгi. 36. Тыныс-тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн көрiну дәрежесiне қарай жiктеу: 1) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлігiнiң шектелуi: бiрiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып, өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi; екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып, басқа адамдардың көмегiмен және (немесе) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi; үшiншi дәреже - өзiне өзi қызмет көрсетуге қабiлетсiздiгi және толығынан басқа адамдарға тәуелдi болу; 2) өз бетiмен жүрiп-тұру қабiлеттiлiгiнiң шектелуi: бiрiншi дәреже - тым көп уақыт жұмсап және қашықтықты қысқарту арқылы өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттiлiгi; екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттiлiгi; үшiншi дәреже - өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлетсiздiгi және толығынан басқа адамдарға тәуелдi болу; 3) оқуға қабiлеттiлiгiнiң шектелуi: бiрiншi дәреже - арнайы оқу процесiнiң күн тәртібін сақтай отырып, және (немесе) қосымша құралдарды пайдаланып, және (немесе) басқа адамдардың (оқытатын қызметкерлерден басқа) көмегiн пайдалана отырып, жалпы үлгiдегi оқу орындарында оқу қабiлеттiлiгi; екiншi дәреже - арнайы оқу орындарында ғана немесе үйде арнайы бағдарлама бойынша оқуға қабiлеттiлiгi; үшiншi дәреже - оқуға қабiлетсiздiгi; 4) еңбекке араласу қабiлеттiлігінiң шектелуi: бiрiншi дәреже - біліктiлiгiн төмендеткен немесе өндiрiс қызметiнiң көлемiн азайтқан жағдайда, еңбек қызметiн орындауға қабiлеттiлiгi, өз мамандығы бойынша жұмысты орындау мүмкiндiгiнiң жоқтығы; екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдаланып, арнайы жасалған жағдайларда және (немесе) арнайы жабдықталған жұмыс орындарында және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен еңбек қызметiн орындау қабiлеттiлiгi; үшiншi дәреже - еңбек қызметiне қабiлетсiздiгi; 5) айналасын бағдарлау қабiлеттiлiгiнiң шектелуi: бiрiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалану арқылы айналаны бағдарлау қабiлеттiлiгi; екiншi дәреже - өзге адамдардың көмегiмен айналаны бағдарлау қабiлеттiлiгi; үшiншi дәреже - айналаны бағдарлау қабiлетсiздiгі (дезориентация); 6) қарым-қатынас жасау қабiлеттілiгiнiң шектелуi: бiрiншi дәреже - ақпаратты ұғыну, қабылдау және беру жылдамдылығының азаюымен, көлемiнiң төмендеуiмен сипатталатын қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi; екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдаланып және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен қарым-қатынас жасау қабiлеттiлігі; үшiншi дәреже - қарым-қатынас жасауға қабiлетсiздiгi; 7) өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгiнiң шектелуi: бiрiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын тек қана өз бетiмен бақылау қабiлеттiлiгiнiң iшiнара төмендеуi; екiншi дәреже - өзiнің мiнез-құлқын тек қана басқа адамдардың көмегiмен iшiнара немесе толық бақылау қабiлеттiлiгi; үшiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын бақылауға қабiлетсiздiгi. 8-тарау. Мүгедектiк топтарын анықтаудың өлшемдерi 37. Адамды мүгедек деп тану үшiн: 1) ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың нашарлауы; 2) тыныс-тiршiлiк қабiлетiнiң шектелуi (адамның өзiне өзi қызмет ету, өз бетiмен жүрiп-тұру, айналасын бағдарлау, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметiне араласуды жүзеге асыру қабiлеттiлiгiнiң немесе мүмкiндiгiнiң толық немесе iшiнара жоғалуы); 3) әлеуметтiк қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттiгi негiз болып табылады. Ағзаның жас мөлшерiне қарай өзгеруi мүгедектiк тобын анықтауға негiз бермейдi. 38. Бiрiншi топтағы мүгедектiктi белгiлеу үшiн адам денсаулығының тыныс-тiршiлiк қабiлетi санаттарының бірiнiң не олардың мынадай ұштасуының: үшiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгі; үшiншi дәрежеде жүрiп-тұру қабiлеттiлігі: үшiншi дәрежеде айналасын бағдарлау қабiлеттiлігi; үшiншi дәрежеде қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгі; үшiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлігінiң айқын көрiнетiн шектелуiне әкелiп соққан ауру, жарақат немесе кемiстiк салдарынан туындаған денсаулықтың едәуiр тұрақты бұзылуы немесе ағза функцияларының айқын көрiнетiн бұзылуы өлшем болып табылады. 39. Екiншi топтағы мүгедектiктi белгiлеу үшiн адам денсаулығының тыныс-тiршiлiк қабiлетi санаттарының бiрiнiң не олардың мынадай ұштасуының: екiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлігi; екiншi дәрежеде жүрiп-тұру қабiлеттiлігi; үшiншi, екiншi дәрежеде еңбек ету қабiлеттiлiгi; үшiншi, екiншi дәрежеде оқуға қабiлеттiлiгi; екiншi дәрежеде айналасын бағдарлау қабiлеттiлiгi; екiншi дәрежеде қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi; екiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгiнiң айқын көрiнетiн шектелуiне әкелiп соққан ауру, жарақат немесе кемiстiк салдарынан туындаған денсаулықтың едәуiр тұрақты бұзылуы немесе ағза функцияларының айқын көрiнетiн бұзылуы өлшем болып табылады. 40. Yшiншi топтағы мүгедектiктi белгiлеу үшiн адам денсаулығының тыныс-тiршiлiк қабiлетi санаттарының бiрiнiң не олардың мынадай ұштасуының: бiрiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi; бiрiншi дәрежеде жүрiп-тұру қабiлеттiлiгі; бiрiншi дәрежеде еңбек ету қабiлеттiлігi; бiрiншi дәрежеде оқуға қабiлеттiлiгi; бiрiншi дәрежеде бағдарлау қабiлеттiлiгі; бiрiншi дәрежеде қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |