|
|
|
Қазақстан Республикасында мемлекеттік Орман кадастрын жүргiзу ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу тәртібі туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар, орманды иеленушiлер жүзеге асырады және республикалық бюджет пен басқа қаражаттар есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетi: Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң келісімi бойынша мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу жөніндегі нұсқама-әдiстемелiк құжаттарды жасайтын болсын; Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеттiң келісімi бойынша мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу кезіндегі статистикалық есеп берудiң көрсеткiштерi мен нысандарының тiзбесiн айқындасын; орман қорын ұтымды пайдалану, ормандарды ұлғайта өсiру, оларды сақтау мен қорғау, санды және сапалық өзгерістердi жүйелi бақылау, шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бағалау және заңды ұйымдар мен жеке адамдарды орман қоры туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн 1994 жылдан бастап мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға кiрiссiн. 3. Мемлекеттік орман кадастрының құжаттарын жүргiзудiң белгiленген тәртібінiң, сақталуын бақылау орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасының бақылауға өз құзыры шегiнде арнайы өкiлдiгi бар басқа органдарына жүктелсiн. 4. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзумен байланысты Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетi өз құзыры шегiнде шығаратын әдiстемелiк нұсқаулар мен нұсқамалар барлық орман иелерi үшiн мiндеттi болып табылады деп белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi, басқа министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдарға орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты риясыз негiзде бередi. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қарашадағы № 1198 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу тәртібі туралы Ереже 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес орман қорын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, ормандарды ұлғайта өсiру, оларды қорғау мен сақтау, сандық және сапалық өзгерістердi жүйелi бақылау және заңды ұйымдар мен жеке адамдарды орман қоры туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi. 2. Мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқылық тәртібі, оны иеленушiлерге бөлiп беру, орман қорының сандық және сапалық жәй-күйi, ормандарды топтарға және қорғаныш санаттарына бөлу, орман ресурстарын экономикалық бағалау және орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметi нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы ақпараттар жүйесiн қамтиды. 3. Мемлекеттік орман кадастрын бiрыңғай республикалық жүйе бойынша орман орналастыру материалдарының, ормандарды зерттеудiң, бiр мезгiлдiк мерзiмдi мемлекеттік есептеудiң және орман қоры туралы мәлiметтер жинақталған басқа да құжаттардың негiзiнде орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар жүргiзедi. 4. Мемлекеттік орман кадастрының құжаттарын жүргiзудiң белгiленген тәртібінiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетi, оның жергiлiктi жердегi органдары және өз құзыры шегiнде бақылауға арнайы өкiлдiгi бар Қазақстан Республикасының басқа органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік орман кадастрын құжаттау 5. Мемлекеттік орман кадастры құжаттарын берiлген мәлiметтердiң дұрыстығы және оларды дер кезiнде жаңарту үшiн жауапкершiлiк жүктелген (соның iшiнде жалға берiлген және ұзақ мерзiмге пайдалануға берiлген тәлiмдер бойынша) орман қорының иелерi жүргiзедi. 6. Мемлекеттік орман қоры кадастры құжаттамаларының құрамына мыналар енедi: а) орман иелерi, орман шаруашылығын басқарушы облыстық және мемлекеттік органдар жүргiзетiн орман кадастрлық кiтаптар; б) орман иеленушiлердiң, орман шаруашылығын басқарушы облыстық және республикалық органдардың түсiндiрме жазбалары қосылған есептерi. 7. Орман кадастрлық кiтаптарды және есеп берулердi жүргiзудiң нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеттiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетi бекiтедi. Есеп берудi табыс етудiң тәртібі мен мерзiмдерi 8. Орман қорының жәй-күйiнде болған өзгерістер жөніндегі мәлiметтердi орман иелерi өзгерістер болған төлемдердi нақты куәландыратын тиiстi актiлер және орман қорының жәй-күйіндегі өзгерістердi көрсететiн басқа құжаттар негiзiнде жыл сайын есеп құжаттарына енгiзедi. 9. Орман иелерi өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан есептi жылдың 1 қаңтарына дейiнгi орман қорының жәй-күйi жөніндегі мәлiметтердi орман кадастрлық кiтаптарға жыл сайын енгiзедi және 20 қаңтарға дейiн белгiленген нысан бойынша есептердi орман шаруашылығын басқарушы облыстық органға тапсырады. 10. Орман шаруашылығын басқарушы облыстық органдар белгiленген нысандағы есептердi жыл сайын жасайды және оларды түсiндiрме жазбаларымен облыстар бойынша 1 наурызға дейiн орман шаруашылығын басқарушы республикалық органға жолдайды. 11. Орман қоры жерлерiнiң мөлшерi, сапалық жәй-күйi және пайдаланылуы жөніндегі есептер Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң аудандық және облыстық органдарымен келісіледi. Орман кадастрлық кiтаптардағы жерлердiң көлемдерi туралы мәлiметтер жер кадастрлық кiтаптардағы мәлiметтерге сәйкес болуға тиiс. Орман кадастрын жүргiзудi ұйымдастыру 12. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органы: а) орман иелерiн тiркеудi жүргiзедi; б) орман жөніндегі мәлiметтердi жүйеге келтiредi, зерттеу мен сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік орман кадастры материалдарын басып шығаруды қамтамасыз етедi; в) мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар мен нұсқамаларды жасайды және бекiтедi. 13. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдары: а) орман орналастыру, ормандардың картографиясы, топырақ, геоботаникалық, топографиялық-геодезиялық тексеру, iздестiру жөніндегі жұмысты және мемлекеттік орман кадастрын жүргiзумен байланысты шараларды атқарушы өкiмет органдарының қатысуымен ұйымдастырады; б) ұзақ мерзiмдi сұраныс пен тұтынуды жүйелi зерделеудi және орман ресурстарының қоры, жәй-күйi мен бағалау туралы жедел ақпаратты жүзеге асырады, мемлекеттік орман кадастрын тұрақты түрде жетiлдiруге, оған халық шаруашылық тұтынуының тиiсiнше туындайтын мәлiметтердi енгізуге шаралар қабылдайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |