|
|
|
Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерiн бекіту туралы (2011.01.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 853 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған: 1) Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу ережесi; 2) Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргізу ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қарашадағы № 1198 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 46, 560-құжат); 2) «Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудiң құрылымы, мазмұны және тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 қазандағы № 1030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 42, 496-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін белгiлейдi (бұдан әрi - Ереже). 2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлiгi болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi органмен (бұдан әрi - уәкілетті орган) және оның аумақтық органдарымен бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзіледi. 3. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерi мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу жөніндегі жұмыстарға қатысады. ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1002 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Жекеше орман иеленушілер уәкілетті органға мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажет материалдарды (түсіндірме жазба қоса тіркелген статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен № 1 нысан бойынша «Орман қорының мемлекеттік есебі») уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес береді. 5. Мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқықтық режимiн, оны орман иеленушілерiне бөлудi, орман қорының сандық және сапалық жай-күйін, мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөніндегі мәлiметтер жүйесiн және орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызмет нәтижелерiн бағалау үшiн қажетті орман қорының экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы басқа да деректердi қамтиды. Мемлекеттік орман кадастры көрсеткіштерінiң тiзбесін және ормандардың экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкілеттi орган айқындайды. 6. Мемлекеттік орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажет орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады. 2. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу тәртібі 7. Мемлекеттік орман кадастры орман орналастыру жұмыстарына толық циклын жүргiзу, орман қорының мемлекеттік есебi материалдарының және орман қоры туралы мәлiметтердi қамтитын басқа да есепке алу құжаттарының негiзiнде жасалады. 8. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерi: есептi жылдан кейiнгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ағымдағы өзгерістер мен орман қорының жай-күйi туралы мәлiметтердi орман кадастрының материалдарына енгізедi; есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтарға дейiн орман қорында болған өзгерістер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ведомстволық тегiне қарай уәкілетті органның аумақтық органдарына (бұдан әрi - аумақтық органдар) немесе орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды қайта өндiру және өсiру саласындағы облыстық атқарушы органдарға (бұдан әрi - облыстық атқарушы органдар) бередi. 9. Орман шаруашылығы саласындағы аумақтық және облыстық атқарушы органдар жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде, түсiндiрме жазбалары бар жиынтық есептемелер әзiрлеп, оларды уәкілеттi органға жолдайды. 10. Мемлекеттік орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттік басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзумен және мемлекеттік орман қорын пайдаланумен байланысты емес мақсаттарда орманды жерлердi ормансыз жерлерге көшiру және (немесе) мемлекеттік орман қорының жерлерiн алу, орманды пайдалану үшін төленетін ақы мөлшерін айқындау, орманды пайдаланушылар мен орман иеленушілердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады. 11. Мемлекеттік орман кадастры ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдаланып, сондай-ақ қағазға басылған күйiнде жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысымен бекітілген
Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргiзу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзу тәртібін белгiлейдi (бұдан әрi - Ереже). 2. Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, ормандардың биологиялық әртүрлілігi мен экологиялық функцияларын сақтау саласындағы мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін бақылау, бағалау және болжам жасау жүйесi болып табылады. 3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi орман шаруашылығы саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган), оның аумақтық органдары мен орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады. 4. Ормандардың мемлекеттік мониторингi бойынша материалдар әзiрлеудi және уәкiлетті органға берудi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы облыстық атқарушы органдар жүзеге асырады. 2. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргізу тәртібі 5. Аумақтың қамтылуына байланысты республикалық, өңiрлiк және жергілікті мемлекеттік орман мониторингтерi жүзеге асырылады: 1) республикалық мониторинг Қазақстан Республикасы орман қорының бүкiл аумағын қамтиды; 2) өңiрлік мониторинг физика-географиялық, әкiмшілік, орман-өсiмдiк, орман экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды; 3) жергілікті мониторинг орман қорының жекелеген учаскелерiне және орманның экологиялық жүйелерiнің қарапайым құрылымдарына дейiн өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргiзіледi. 1) мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүйелi бақылаулар орындау (iздестіру, таспаға түсiру, тексеру, түгендеу); 2) орман қорының жай-күйiн бағалауды өткізу; 3) орман қорының жай-күйiне ықпал ететiн антропогендік әсерлердi реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 4) белгiлi бiр уақыт кезеңiне орман қорының жай-күйiне болжам жасау жөніндегі жұмыстарды қамтиды. 7. Орман қорының жай-күйiн бағалау жүргiзiлетiн бақылауларға талдау жасау, өзгерістердiң бағыты мен жиілігін зерделеу арқылы орындалады. 8. Орман қорының жай-күйінің нәтижелерi бойынша жедел ақпарлар, баяндамалар, ұсыныстар және ғылыми болжамдар оларға әсiресе терiс сипаттағы өзгерістердiң етек алу серпінін, бағытын және жиiлiгiн сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар, кестелер қоса беріліп, әзiрленедi. 9. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзу үшiн: 1) қашықтықтан зондылаудың; 2) орман қорының мемлекеттік есебiнiң және мемлекеттік орман кадастрының; 3) орман орналастырудың; 4) қор деректерiнiң (жоспарлардың, карталардың, схемалардың, кестелік және басқа да материалдардың); 5) табиғи зерттеулер мен iздестірулердiң материалдары пайдаланылады. 10. Ормандардың мемлекеттік мониторингінiң нәтижелерi қағазға басылған күйiнде де, ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдалана отырып та есептемелер, кестелер, карталар және картографиялық материалдар түрiнде ресiмделедi. 11. Уәкілетті орган аумақтық және облыстық атқарушы органдар беретін ормандар мониторингiнің деректерiн қорытындылайды және оларды пайдаланушыларға ұсыну үшiн талдау жасайды. 12. Ормандардың мемлекеттік мониторингi бойынша деректердi пайдаланушылар: 1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегі бағдарламаларды жоспарлау және әзiрлеу мәселелерi бойынша, орман ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттік атқарушы және өкілдiк органдар; 2) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн жүргізу мәселелерi бойынша - деректердiң жиынтық банкін жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган; 3) өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |