|
|
|
«Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы Қазақстан
Шаруашылық және басқару функцияларын бөлу, телекоммуникациялар кәсiпорындарын басқару құрылымдарын одан әрi жетiлдiру, телекоммуникациялар желiлерiн жаңартудың iрi бағдарламаларын жүзеге асыру, меншiктi қаржы ресурстарын шоғырландыру, шет ел инвестицияларын тарту мақсатымен және «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 13 маусымдағы № 1731 Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жүйесiнiң қосымшаға сәйкес мемлекеттік кәсiпорындары, акционерлік қоғамдары мен телекоммуникация ұйымдары құрамына кiретiн «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын. Компанияның: өз құрамына кiретiн телекоммуникация кәсiпорындарының халықаралық мiндеттемелерiнiң құқылық мұрагерi болып табылады; өз құрамына кiретiн кәсiпорындары мен ұйымдарға қажеттi құрылымдық өзгерістер енгiзуге құқығы бар деп белгiленсiн. Компанияның атқарушы аппаратының тұратын жерi Алматы қаласы деп анықталсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi: Компанияның мемлекеттік және мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жөнiнде жұмыс жүргiзiп, бiр ай мерзiм iшiнде құрылтай құжаттарын әзiрлесiн. Компанияның құрамына кiретiн кәсiпорындардың мемлекеттік мүлкiн және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетiн басқару, иелену және пайдалану құқығын, ал мемлекеттік кәсiпорындардың акционерлік қоғам болып қайта құрылуына қарай Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында анықталған тәртiп бойынша акциялардың мемлекеттік пакетiн басқару, иемдену және пайдалану құқығын оған табыстайтын болсын. Компанияның басшыларын тағайындау және бекіту «Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процесiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттік реттеу мәселелерi» деген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 шiлдедегi № 606 қаулысында анықталған тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 3. «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясына: телекоммуникациялардың ұлттық операторы функциясын атқару, басқа елдердiң телекоммуникация операторларымен өзара қарым-қатынастар жасау; Қазақстан Республикасының осы заманғы техникалық құралдар мен телекоммуникация қызметтерiне деген қажетiн қамтамасыз ету; барлық байланыс түрiнiң желiсiн пайдалану, жоспарлау, дамыту және басқару; телекоммуникация кәсiпорындарында кадрларды қайта даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру жүктелсiн. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі: «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясына оны қалыптастыруына қажеттi көмек көрсетсiн; телекоммуникация саласында Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауды және мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн; нарықты қалыптастыру мен дамытуға, телекоммуникация қызметiнiң монополияға қарсы саясатын жүргiзуге, республиканың телекоммуникация құралдарына деген мемлекеттік мұқтажын уақтылы, сапалы қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн болсын; телекоммуникация желiсiнiң жұмыс iстеуiнiң құқықтық және нормативтiк тәртібін анықтайтын заңдық және өзге де нормативтi актiлердiң, стандарттар мен нормалардың жобалары әзiрленуiн тездетсiн. 5. 1994 жылдың соңына дейiн пошта байланысы мемлекеттік қызметiн телекоммуникация желiсiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының табысын қайта бөлу есебiнен iшiнара дотациялау сақталсын, бұл үшiн Компанияда орталықтандырылған шот ашылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына қосымша
«Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың және ұйымдардың Тiзбесi Алматы облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Алматы қаласы Ақмола облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Ақмола қаласы Ақтөбе облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Ақтөбе қаласы Атырау облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Атырау қаласы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Өскемен қаласы Жамбыл облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Жамбыл қаласы Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Орал қаласы Қарағанды облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Қарағанды қаласы Қызылорда облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Қызылорда қаласы Көкшетау облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Көкшетау қаласы Қостанай облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Қостанай қаласы Маңғыстау облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Ақтау қаласы Павлодар облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Павлодар қаласы Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Петропавл қаласы Семей облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Семей қаласы Талдықорған облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Талдықорған қаласы Торғай облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Арқалық қаласы Оңтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттік телекоммуникациялар кәсiпорны, Шымкент қаласы Алматы қалалық "АЛТЕБА" телекоммуникациялар кәсiпорны, Алматы қаласы Ленинск қалалық байланыс торабы, Ленинск қаласы № 11 аумақтық өндiрiстiк қалааралық байланыс және теледидар бiрлестiгi, Алматы қаласы Республикалық радио және теледидар өндiрiс бiрлестiгi, Алматы қаласы Республикалық қалааралық халықаралық телефон станциясы, Алматы қаласы Республикалық телеграф, Алматы қаласы Алматы радио-телевизиялық тарату стансасы, Алматы қаласы Республикалық ғарыштық байланыс орталығы, Алматы қаласы "Қазбайланыс ҒЖИ" институты, Алматы қаласы Республикалық байланыс қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн көтеру институты, Алматы қаласы «Арна-спринт» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы «БеСет» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Алматы қаласы «Арна» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы «Қазбайланыскомплект» республикалық мемлекеттік бiрлестiгi, Алматы қаласы Республикалық радиоландыру орталығы, Алматы қаласы Алматы электр байланысы техникумы, Алматы қаласы Ақтөбе электр байланыс техникумы, Ақтөбе қаласы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |