|
|
|
Уақытша жер пайдалану туралы үлгiлiк шарттардың нысандарын бекіту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 22 тамыздағы № 851 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. № 1009 қаулысымен. 1. Ұсынылып отырған мынадай нысандар бекітілсiн: "Жер учаскесiн жалдау туралы үлгiлiк шарт"; "Уақытша тегiн жер пайдалану туралы үлгiлiк шарт". 2. Жергiлiктi атқарушы органдарға, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жер учаскесiн жалдау туралы шартты немесе уақытша тегiн жер пайдалану туралы шартты жасау кезiнде бекітілген үлгiлiк шарт нысандарын басшылыққа алу ұсынылсын. 3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттік актiлердiң нысандарын және жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттік актiлердi тiркеу, беру (алмастыру) және сақтау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 50, 722-құжат); "Жердi уақытша пайдалануға және жалға алуға құқық беретiн шарт нысаны мен жердi уақытша пайдалануға және жалға алуға құқық беретiн шарттарды тiркеу, беру (ауыстыру) және сақтау Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 сәуірдегі № 288 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 12, 148-құжат). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 желтоқсандағы № 1495 қаулысымен Бекiтiлген a Нысан Жер учаскесiн жалға беру туралы ҮЛГIЛIК ШАРТ ______________________________ қаласы (поселкесi, селосы) 199__жылғы " "________________ N ____ Бiрiншi тараптан, бұдан әрi Жалға берушi деп аталатын _____________ ___________________________________________________________________ (аты-жөнi немесе ___________________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы) және ______________________________________________________________ (аты-жөнi немесе ___________________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы) екiншi тараптан, бұдан әрi Жалға алушы деп аталатын бiз, төменде қол қоюшылар төмендегi туралы осы Шартты жасастық: 1. Шарттың мәнi 1. Жалға берушi жалға алушыға өзiне тиесiлi __________________ (жеке меншiк, ___________________________________________________________________ жер пайдалану немесе мемлекеттік меншiктегi) құқығындағы жер учаскесiн (жер учаскесiнiң бөлiгi) ________________ (құжаттың ___________________________________________________________________ атауы, күнi және оны тiркеу N ) Осы шартқа тiркелген жер учаскесiнiң жоспары шегiнде бередi (1-қосымша). 2. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi және оның деректерi: мекен-жайы_________________________________________________________ кадастрлық нөмiрi (код)____________________________________________ алаңы__________________га, оның iшiнде: ауыл шаруашылығы танаптары______га (егiстiк жерлер_______га, көпжылдық ағаш егiстiктерi________________га, шабындықтар ______________га, жайылым ____________га), құрылысқа берiлгенi __________га, ________________ ___________________________________________________________________ (жер учаскесiне орналасқан құрылыстардың, ___________________________________________________________________ ғимараттардың тiзбесi) нысаналы мақсатты _________________________________________________ пайдаланудағы шектеу және жүктеме артылуы _________________________ бөлiнуi немесе бөлiнбеуi __________________________________________ 2. Жер үшiн төлем 1. Жыл сайынғы жалгерлiк төлем _____________теңгенi құрайды және Жалға алушы теңдей үлестермен ағымдағы жылдың " "_____________ күнi _______________бойынша _______________ N _______шотқа аудару жолымен айы (банктiң атауы) төлеуге жатады немесе оны сома заттық нысанда _____________________ ___________________________________________түрiнде өтiледi. (өнiмнiң саны мен тiзбесi) 2. Тараптардың келісімi бойынша жалгерлiк төлемнiң мөлшерi жыл сайын инфляцияның деңгейi жөніндегі мемлекеттік статистика мәлiметтерi негiзiнде анықталады. Мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушы жер учаскесiн жалға берген кезде жалгерлiк төлемнiң мөлшерi белгiленген тәртiпке сәйкес айқындалады. 3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Жалға алушының: 1) жер учаскесiн оның арналуынан келiп туындайтын мақсатта пайдалана отырып жерде дербес шаруашылық жүргiзуге; 2) ауыл шаруашылығы және өзге дақылдар мен көшеттердiң егiсi мен екпелерiне, жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде алынған ауыл шаруашылығы мен өзге де өнiмге және оны сатудан алынған табысқа меншiк; 3) Жалға берушiнiң келісімiмен өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесіндегі құмды, топырақты, қиыршық тасты және басқа да кең тараған пайдалы қазбаларды, торфты, орман алқабын, жерүстi және жерасты суларын пайдалануға, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы игiлiктерiн тұтынуға; 4) жер учаскесi мемлекет мұқтажына алынғанда (сатып алынғанда) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте шығындарының өтелуiне; 5) Жалға берушiнiң келісімiмен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн құрылыстар мен ғимараттарды, белгiленген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтай отырып _____________________________________ (рұқсат етiлген құрылыстардың, ________________________________________________________салуға; құрылымдардың және ғимараттардың тiзбесi) 6) Жалға берушiнiң келісімiмен белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиоративтiк жұмыстар жүргiзуге, тоғандар мен басқа су қоймаларын салуға; 7) жалға арналған жер учаскесiн немесе оның бөлiгiн екiншi рет уақытша тегiн жер пайдалану туралы шарт негiзiнде осы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей, егер Шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы жалға немесе басқа адамға беруге құқығы бар. 2. Осы бөлiмнiң 1-тармағындағы 2, 3, 5, 6-тармақшаларында көзделген шарттар тараптардың келісімi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. 3. Жалға алушы: 1) жердi оның негiзгi нысаналы мақсатына сәйкес және шартта белгiленген тәртiпте пайдалануға; 2) өндiрiстiң табиғат қорғау технологиясын қолдануға, өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруге және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге; 3) топырақтың құнарлығын арттыруға және жер заңдарында көзделген жердi қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; 4) жалгерлiк төлемдi уақтылы төлеуге; 5) орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртібін сақтауға, тарих, сәулет ескерткiштерiн және жер учаскесiнде орналасқан мемлекет қорғауындағы басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге; 6) жер учаскесiнде құрылыс салуды жүзеге асырғанда қолданылып жүрген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) басшылыққа алуға; 7) жердiң жай-күйi мен оларды пайдалану туралы жер заңдарымен белгiленген мәлiметтердi мемлекеттік органдарға уақтылы табыс етiп отыруға; 8) топырақтың құнарлы қабатын, мұндай сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа адамдарға сату немесе беру мақсатында оны сыдырып алуға жол бермеуге; 9) өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде жердiң сапасы және экологиялық ахуалы нашарлаған жағдайда шығындарды толық көлемде өтеуге мiндеттi. 4. Жалға берушi: 1) жер пайдалануға және қорғауға бақылауды жүзеге асыруға; 2) Жалға берушiге қызметiнiң нәтижесiнде жердiң сапасы мен экологиялық ахуалына келтiрiлген шығындарды толық көлемде өтеуге; 3) Шарт мерзiмi өтуi бойынша жер учаскесiнiң жай-күйiн бағалауға және оны акт бойынша қабылдауға құқылы. 5. Жалға берушi: 1) Жалға алушыға жер учаскесiн шарттың талаптарына сәйкес күйiнде беруге (2-қосымша); 2) Жалға алушының ауыл шаруашылығы алаптарын игеру мен жақсартуға жiберген шығындарын, егер бұндай игеру мен жақсарту шартта айтылса, толық немесе iшiнара шартқа сәйкес төлеуге; 3) өзiнiң бастамашылығымен шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда Жалға алушының шығындарын толық көлемде төлеуге мiндеттi. 4. Тараптардың жауапкершiлiгi 1. Айтылған мерзiмде жалгерлiк төлем төленбеген жағдайда Жалға алушы өткен есептi мерзiмiнiң жалгерлiк төлем сомасының ________процентi көлемiнде әрбiр жiберiлген күн үшiн айыппұл төлейдi. 2. Шарттың талабын бұзғаны үшiн тараптар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. 5. Дауларды қарау тәртібі 1. Шарт бойынша туындайтын немесе оның қолданылуымен байланысты кез келген келiспеушiлiктер мен талаптар мүмкiндiгiнше тараптар арасындағы келiссөздермен шешiледi. 2. Келiссөз жолымен шешiлуi мүмкiн емес шарттан туындайтын барлық келiспеушiлiктер сот тәртібінде шешiледi. 6. Шарттың қолданылуы Шарт__________ жылға жасалды және оны тiркеушi органда (егер жер пайдалану мерзiмi бiр жылдан асатын болса) тiркелген сәттен бастап өз күшiне енедi. Шарт 199___жылғы " "____________________дейiн қолданылады. Осы шарттың 3-бөлiміндегі 3 және 5-тармақтарда белгiленген талаптар сақталмаған жағдайларда, шарттың талаптарын өзгертуге, оны бұзуға жол берiледi. Шарт екi дана етiп жасалды, оның бiр данасы жалға алушыға, екiншi данасы жалға берушiге берiледi. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi: Жалға берушi: Жалға алушы: ____________________________ ___________________________ (аты-жөнi, (аты-жөнi, ____________________________ ___________________________ заңды тұлғаның заңды тұлғаның ____________________________ ___________________________ толық атауы) толық атауы) Орналасқан жерi ____________ Орналасқан жерi ___________ ____________________________ ___________________________ ____________________________ ___________________________ Есеп айырысу шоты____________ Есеп айырысу шоты _________ ____________________________ ___________________________ ____________________________ ___________________________ (қолы) (қолы) М.О. М.О. М.О. Тiркелуi туралы белгi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 желтоқсандағы № 1495 қаулысымен Бекiтiлген b Нысан Уақытша тегiн жер пайдалану туралы ҮЛГIЛIК ШАРТ ______________________________ қаласы (поселкесi, селосы) 199__жылғы " "________________ N ____ Бiз, төменде қол қоюшылар ____________________________________ ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе аты-жөнi) бұдан әрi жер учаскесiнiң Меншiк иесi (мемлекеттік емес жер пайдаланушы) бiр жағынан және ________________________________ (заңды тұлғаның атауы _______________________бұдан әрi Уақытша жер пайдаланушы, екiншi немесе аты-жөнi) жағынан мына төмендегiлер жөнiнде шарт жасастық: . Ескерту. Жер учаскесiнiң меншiк иесi - жеке меншiк иесi немесе мемлекет құқығын жердiң меншiк иесiндей пайдаланатын уәкiлдiк берiлген мемлекеттік орган. 1. Шарттың мәнi 1. Жер учаскесiнiң меншiк иесi (мемлекеттік емес жер пайдаланушы) Уақытша жер пайдаланушыға өзiне тиесiлi_______________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жеке меншiк, жер пайдалану немесе мемлекеттік меншiгіндегі) құқығындағы жер учаскесiн (жер учаскесiнiң бөлiгiн)________________ ___________________________________________________________________ (құжаттың атауы, оның тiркелген күнi және N) ___________________________________________________________________ осы шартқа қоса берiлiп отырған жер учаскесiнiң жоспары шекарасы негiзiнде бередi (табыстайды) (1-қосымша). 2. Жер учаскесiнiң орналасқан орны және оның деректерi: мекен-жайы_________________________________________________________ кадастрлық нөмiрi (код) ___________________________________________ алаңы_________га, оның iшiнде: ауыл шаруашылық танаптар _____________га, (айдалған жер _________га, көпжылдық екпе ағаштар _____________га, шабындық жер __________га, жайылымдар _________га), құрылысқа берiлгенi ________________га, ___________________________ ___________________________________________________________________ (жер учаскесiне орналасқан құрылыстардың, ғимараттардың тiзбесi) нысаналы мақсатты__________________________________________________ пайдаланудағы шектеу және жүктеме артылуы _________________________ ___________________________________________________________________ бөлiнуi немесе бөлiнбеуi __________________________________________ ___________________________________________________________________ 2. Жер үшiн төлем Жердi уақытша пайдаланушы жергiлiктi атқарушы орган уақытша ақысыз пайдалануға берген жер үшiн, екiншi рет жер пайдаланған жағдайлардан басқада, Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртiппен және шарттарда жер салығын төлейдi. 3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Жердi уақытша пайдаланушының: 1) жердi оның арналуынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып дербес шаруашылық жүргiзуге; 2) жер учаскесiн ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен көшеттердiң егiсi мен екпелерiне пайдаланудың нәтижесiнде алынған ауыл шаруашылығы және өзге де өнiмдерге, оны сатудан алынған табысқа меншiктiкке; 3) Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттік емес жер пайдаланушының) келісімiмен өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесіндегі құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да кең тараған пайдалы қазбаларды, торфты, орман алабын, жер үстi және жер асты суларын қолдануға, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы ерекшелiктерiн пайдалануға; 4) жер учаскесi мемлекет мұқтажына алынған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шығындарды өтетуге; 5) Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттік емес жер пайдаланушының) келісімiмен белгiленген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтай отырып жер учаскесiнiң мақсатты арналуына қайшы келмейтiн құрылыстар мен ғимараттарды _____________________________________________________ __________________________________________________________________ (рұқсат етiлген құрылыстардың, үйлердiң және ғимараттардың тiзбесi) меншiк құқығымен салуға; 6) Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттік емес жер пайдаланушының) келісімiмен, белгiленген құрылыс, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиоративтiк жұмыстарды жүргiзуге, тоғандар мен басқа су қоймаларын салуға; 7) Шарттың мерзiмi бiткеннен кейiн жердi игеруге және ауыл шаруашылық алқаптарын жақсартуға жұмсалған шығындар үшiн, егер мұндай игеру немесе жақсарту осы Шартта айтылса, өтемақы алуға; 8) жер учаскесiн немесе оның бөлiгiн Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттік емес жер пайдаланушының) келісімiмен, егер Шартта өзгеше көзделмесе, осы жер учаскесiнiң мақсатты арналуын өзгертпей екiншi рет ақысыз уақытша жер пайдалану туралы шарттың негiзiнде басқа адамға беруге құқы бар. 2. Осы тараудың 1-тармағының 2, 3, 5, 6-тармақшарларында көзделген шарттар тараптардың келісімi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. 3. Жердi уақытша пайдаланушы: 1) жердi оның негiзгi мақсатты арналуына сәйкес және Шартта белгiленген тәртiппен пайдалануға; 2) өндiрiстiң табиғат қорғау технологиясын қолдануға, өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде айналадағы табиғи ортаға зиян келтiруге және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге; 3) топырақтың құнарлылығын арттыруға және жер заңдарында көзделген жердi қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; 4) осы Шарттың 2-тарауында көзделген жағдайда жер салығын уақтылы төлеуге; 5) орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртібін сақтауға, тарих, сәулет ескерткiштерiн және жер учаскесiнде орналасқан мемлекеттiң қорғалуындағы басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге; 6) жер учаскесiнде құрылыс салуды жүзеге асырған кезде қолданылып жүрген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) басшылыққа алуға; 7) жердiң жай-күйi мен оларды пайдалану туралы жер заңдарымен белгiленген мәлiметтердi мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға; 8) Мұндай сыдыру құнарлы қабаттың бiржола жоғалуына болдырмау үшiн қажет болған жағдайлардан басқа да сату немесе басқа адамға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға жол бермеуге мiндеттi. 4. Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттік емес жер пайдаланушының): 1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды жүзеге асыруға; 2) Шарттың мерзiмi бiткен соң жердiң жай-күйiн бағалауға және оны актi бойынша қабылдауға құқы бар. 5. Жер учаскесiнiң иесi (мемлекеттік емес жер пайдаланушы): Уақытша жер пайдаланушыға жер учаскесiн Шарттың жағдайына сәйкес күйде беруге мiндеттi (2-қосымша). 4. Тараптардың жауапкершiлiгi Тараптар Шарттың жағдайларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. 5. Дауларды қараудың тәртібі 1. Шарт бойынша немесе оның қолданылуына байланысты туындауы мүмкiн кез-келген келiспеушiлiк немесе талаптар мүмкiншiлiгi бойынша тараптардың арасындағы келiссөз жолымен шешiледi. 2. Шарттан туындайтын, келiссөз жолымен шешiле алмайтын барлық келiспеушiлiктер сот тәртібімен шешiледi. 6. Шарттың қолданылуы Шарт_________________жылға жасалған және ол (жердi пайдалану мерзiмi бiр жылдан артық болғанда) тiркеу органында тiркелген сәттен бастап күшiне енедi. Шарт 199___жылдың " " _________________дейiн қолданылады. күнi, айы Шарттың жағдайларын өзгертуге, оны бұзуға осы Шарттың 3-тарауының 3 және 5-тармақтарында айқындалған талаптар орындалмаған жағдайларда жол берiледi. Шарттың бiр данасы Жердi уақытша пайдаланушыға, келесi данасы - Жер учаскесiнiң иесiне (мемлекеттік емес жер пайдаланушыға) берiлетiн екi данада жасалады. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi: Жер учаскесiнiң иесi Жердi уақытша пайдаланушы (жердi пайдаланушы) ________________________________ _______________________________ (заңды тұлғаның аты-жөнi, (заңды тұлғаның аты-жөнi, ________________________________ _______________________________ толық атауы) толық атауы) Орналасқан жерi ________________ Орналасқан жерi________________ ________________________________ _______________________________ ________________________________ _______________________________ Есеп айырысу шоты ______________ Есеп айырысу шоты _____________ ________________________________ _______________________________ ________________________________ _______________________________ (қолы) (қолы) М.О. М.О. М.О. Тiркелуi туралы белгi 1-қосымша c Жер учаскесiнiң ЖОСПАРЫ Учаскесiнiң орналасқан жерi ________________________________ ________________________________ Шектесу сипаты СЫЗЫҚТАРДЫ ШЫҒАРУ ӨЛШЕМI ______________________________ А-дан Б дейiн |Бұрылыстардағы |Сызықтардағы | Б-дан В дейiн | нүктелердiң N | өлшемi | В-дан Г дейiн |_______________|_____________| |_______________|_____________| |_______________|_____________| |_______________|_____________| |_______________|_____________| |_______________|_____________| |_______________|_____________| |_______________|_____________| Масштаб 1: М.О. _______________________________жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның төрағасы _______________________________ А.Ә.А.Т. (қолы) Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. № 1009 қаулысымен. 2-қосымша d Жер учаскесiнiң түсiндiрмесi ___________________________________________________________________ Барлық жер, | Оның iшiнде га |______________________________________________ |ауыл | олардың |шаруашылығы |_________________________________ |алқаптары |егiстiктер|көп жылдық |тыңайтылған | | |ағаштар |жерлер ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ олардың |ормандар|су |құрылыс |бұзылған|басқа |Ескерту _________________| |жерлерi|алып |жерлер |жер | шабындық.|жайылым. | |жатқан | |алаптары тар |дар | | |жерлер | | | ____________________________________________________________________ 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 ____________________________________________________________________ Оның iшiнде суармалы жерлер Жер учаскесiнiң қысқаша сипаттамасы (еркiн нысанда берiледi) М.О. ___________________ _______________жер ресурстарын басқару жөніндегі (қолы) аумақтық органның төрағасы Ескерту. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. № 1009 қаулысымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |