|
|
|
Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №545 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мал дәрiгерлiк қызметтi мемлекеттік лицензиялаумен байланысты қарым-қатынастарды реттейдi. ҚР Үкіметінің 23.12.02 ж. № 1347 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді(бұр. ред. қара) 2. Заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады: мал-дәрiгерлiк емдеу-алдын алу; мал-дәрiгерлiк мақсаттағы дәрi-дәрмек жасап шығару мен сату; азықтық қоспаларды, оның iшiнде жануарларға арналған дәстүрден тыс, минералды-витаминдi ұстама азықты өндiру мен сату; мал-дәрiгерлiк мақсаттағы дәрiлiк заттарды, биологиялық дәрi-дәрмектi, зоогигиеналық құралдар мен зооветеринарлық мақсаттағы атрибуттарды сату; мал шаруашылығы объектiлерiн дезинфекциялау, дератизациялау мен дезинсекциялау; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау; зертханалық-диагностикалық қызмет. ҚР Үкіметінің 11.04.00 ж. № 556 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Мал дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамның лицензиясының (бұдан әрi - лицензия) болуы мiндеттi. 4. Лицензия иелiктен алынбайды. Лицензияны басқа адамдарға беруге тыйым салынады. 5. Осы Ережеге сәйкес берiлген лицензия лицензиатқа онда көрсетiлген мал дәрiгерлiк қызмет түрлерiн жүзеге асыруға рұқсат берiлгенiн куәландыратын ресми құжат болып табылады. 6. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бiрдей шарттар мен тәртiп бойынша алады.
II. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.04.00 ж. № 556 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия берудi Қазақстан Республикасы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары (лицензиар) жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 11.04.00 ж. № 556 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Лицензияның мынадай түрлерi белгiленедi: бас - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға арналған; бiржолғы - белгiлi бiр шаруашылық қызмет жасауға арналған; 9. Заңды және жеке тұлғалардың бiр мезгiлде мал дәрiгерлiк қызметтiң бiр, бiрнеше немесе барлық түрiне лицензиялары болуы мүмкiн, 10. Лицензияның бланкiлерiнiң бағалы қағаз деңгейiнде қорғаныс дәрежесi болады, олар қатаң есептiлiк құжаты болып табылады және олардың есептiк сериясы мен нөмiрi болады. Лицензия бланкiлерiн жасап шығару, есепке алу мен сақтау лицензиарға жүктеледi. 11. Лицензия алу үшiн заңды және жеке тұлғалар (өтiнiш берушiлер) лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: белгiленген үлгiдегi өтiнiш; лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат; жоғары немесе арнаулы орта мал дәрiгерлiк білімi туралы дипломдарының көшiрмесi; заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн); жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; лицензиаттың осы Ереженiң III тарауында көзделген талаптарға сай екенiн растайтын құжаттар. 12. Лицензиар ұсынылып отырған мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн тексеруге құқылы. ҚР Үкіметінің 2000.04.11. № 556 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда 13. Кәсiпкерлiктің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алымның мөлшерi, оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi. 14. Лицензия беру туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап заңды тұлғалар үшiн - бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, жеке тұлғалар үшiн - он күннен кешiктiрiлмей қабылданады. Лицензия беруден бас тартылған кезде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады. осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса; лицензия беру үшiн алым енгiзiлмесе; өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса, берiлмейдi. Өтiнiш берушi аталған ескертулердi жойған кезде өтiнiш осы Ережеде көзделген тәртiп бойынша қаралады. өтiнiш берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын беру орынсыз; нарық жүргiзуге не сатуға лицензия талап етiлетiн жұмыстар мен (қызмет көрсетулермен) молыққан; нарықта монополиялық жағдай қамтамасыз етiлген; өтiнiш берушiнiң жеке басының қасиеттерi мен iскерлiк абыройы күмәндi, оның iшiнде егер тыйым салулар мен керi қайтарып алулар заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес өз күшiн жойған (өтелген) деп есептелсе, бұрын сотталғандығы, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға бұрын тыйым салынуы, алдыңғы лицензияның керi қайтарып алынуы себептерi бойынша күмәндi деп лицензия беруден бас тартуға тыйым салынады. 17. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз деп көрiнсе, ол бұл әрекеттерге заңдарда белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы. ҚР Үкіметінің 11.04.00 ж. № 556 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді 18. Лицензия мынадай жағдайларда: лицензия керi қайтарып алынғанда; азаматтар кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқанда; заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда; жеке тұлға қайтыс болғанда; жүзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер толық көлемде орындалғанда өз күшiн тоқтатады. 19. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия заңды күшiн сақтайды. ҚР Үкіметінің 11.04.00 ж. № 556 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді 20. Лицензияны белгiленген тәртiппен мынадай жағдайларда: лицензиат лицензияда қамтылған лицензиялық және мал дәрiгерлiк заңдардың талаптарын орындамағанда; сот лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға тыйым салғанда; лицензиар лицензияның күшiн уақытша тоқтатқан себептер жойылмағанда керi қайтарып алуы мүмкiн. 21. Лицензиар уақытша тоқтату себептерiн көрсете отырып, лицензияның күшiн алты ай мерзiмге дейiн белгiленген тәртiппен тоқтата алады. 22. Лицензияның күшi уақытша тоқтатылған себептер жойылғаннан кейiн лицензия қайта жаңартылады. ҚР Үкіметінің 11.04.00 ж. № 556 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді 23. Керi қайтарып алынғаннан кейiн лицензияны қайта беру осы Ереженiң 11-тармағында көзделген жалпы негiздер бойынша жүргiзiледi. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күн iшiнде лицензияның төлнұсқасын бередi. III. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн тұлғаларға қойылатын біліктiлiк талаптары ҚР Үкіметінің 2000.04.11. № 556; 23.12.02 ж. № 1347(бұр. ред. қара) қаулыларымен 24-тармақ өзгертілді 24. Мал дәрiгерлiгi жөніндегі жұмыстарды орындауға және қызметтердi жүзеге асыруға мынадай заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар: Заңды тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар енедi: ветеринариялық қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының не оның ветеринария саласындағы құрылымдық бөлiмшесi басшының арнайы ветеринариялық білімi және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиiс; мал дәрiгерлiк қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде арнаулы мал дәрiгерлiк білімi болуы; қызметкерлердiң денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжаты) болуы; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы; СНТЖ 8-81 талаптарына және СН-245-71 санитарлық нормаларына сай өндiрiстiк үй-жайы және тиiстi бейіндегі технологиялық жабдықтың толық жиынтығы болуы; өндiрiстiк үй-жайлардың, технологиялық жабдықтар жинағының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгi туралы ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарының ветеринариялық-санитариялық қорытындысының болуы тиiс. Жеке тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар енедi: арнаулы мал дәрiгерлiк білімi және мамандығы бойынша: жоғары білімi бар адамдарда - кемiнде бiр жыл еңбек стажы, арнаулы орта мал дәрiгерлiк білімi бар адамдарда - кемiнде екi жыл еңбек стажы болуы; қатты әсер ететiн препараттарды сақтауға арналған күзетiлетiн үй-жайы (сейфi), сондай-ақ лабораториялық жабдығы мен құралдары (лицензияланатын мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi түрi жүзеге асырылатын жағдайда) болуы; денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжат) болуы; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы тиiс. ҚР Үкіметінің 11.04.00 ж. № 556 қаулысымен 25-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.04.00 ж. № 556 қаулысымен 26-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.02 ж. № 1347 қаулысымен (бұр. ред. қара) 26-тармақ жаңа редакцияда 26. Лицензиаттар тiркеу сынақтарын өткізу үшiн қажеттi көлемдерде өндiру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік тiркеуден өткен және Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген ветеринариялық препараттарды пайдалануға мiндеттi. 27. Мал дәрiгерлiк қызметпен лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып айналысу заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауға; өз қызметiн лицензияда көрсетiлген шарттармен қатаң сәйкестiкте жүзеге асыруға; лицензиардың талап етуi бойынша лицензияланатын қызмет туралы мәлiметтердi ұсынуға; өзiнiң ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткенi туралы лицензиарға хабарлауға мiндеттi. 29. Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған қаражат лицензиардың ұсынуы бойынша сот тәртібімен тиiстi бюджеттiң кiрiсiне алуға жатады. 30. Заңды және жеке тұлғалар лицензиарға ұсынылатын мәлiметтердiң сенiмдiлiгi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi. 31. Лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталынуына бақылау жасаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгiлейдi. 32. Лицензияның тоқтатылуымен немесе уақытша тоқтатылуымен байланысты барлық даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |