|
|
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық ҚР Үкіметінің 24.05.99 ж. № 626 қаулысымен күші жойылды "Мемлекеттік басқару органдарын одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3986 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 19, 167-құжат) Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментi туралы ереже; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнiң құрылымы бекітілсiн. 2. Мыналар: 1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қазандағы № 1466 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1997 ж., № 47, 438-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 55, 500-құжат) күшi жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қазандағы № 1028 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы - республикалық бюджеттi орындау, мемлекеттік бюджетке және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік бюджеттiң және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттар қаржыларының мақсатты пайдаланылуына қаржылық бақылауды жүзеге асыру. I. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментi (бұдан әрi - Қазынашылық) республикалық бюджеттi орындауда мемлекеттік бюджетке және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік бюджеттiң және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттар қаржыларының мақсатты пайдаланылуына қаржылық бақылау жасау жөніндегі арнаулы мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 2. Қазынашылық өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Қазынашылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң құрылымына кiредi және өз құзыретi және өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде арнаулы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып табылады. Қазынашылықтың облыстарда және Алматы қаласында аумақтық органдары бар. 4. Қазынашылық заңды тұлға болып табылады және өзiнiң банктiк шоттары, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi мен бланкiлерi бар. Қазынашылықтың заңды тұлғалар болып табылатын, жедел басқару құқығындағы мүлiктерге ие, банктiк шоттары және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi бар қазынашылықтың облыстық басқармаларынан және аудандық, қалалық және қалалардағы аудандық бөлiмдерден тұратын тiкелей бағыныстағы органдары бар. 5. Қазынашылық пен оның аумақтық органдары заңдарда белгiленген тәртiппен теңгемен және шетелдiк валютамен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырады. 6. Қазынашылықтың құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал облыстардағы, Алматы қаласындағы басқармаларының құрылымдарын Қазынашылықпен келiсе отырып, бөлiнген санның шегiнде осы органдардың басшылары, ал облыстардағы, Алматы қаласындағы басқармалардың штат санын - белгiленген сан мен еңбекке ақы қорының төлеу шегiнде Қазынашылық департаментi бекiтедi. 7. Қазынашылықты және оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады. II. Басымдықтары 8. Қазынашылықтың негiзгi басымдықтары мыналар болып табылады: республикалық және жергiлiктi бюджеттердi, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды және қаражаттарды кассалық орындау саласындағы саясатты iске асыру; жалпы мемлекеттік және жергiлiктi бағдарламалар мен шараларды iске асыру үшiн бөлiнген республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын қаржылық бақылауды қамтамасыз ету; мемлекетке келтiрiлген материалдық зияндарды кiнәлi тұлғалардың есебiнен толық қайтарылуын қамтамасыз ету және арналған мақсаты бойынша пайдаланылмаған қаражаттарды бюджетке өндiрiп (қайтарып) алу. III. Қазынашылықтың мiндеттерi 9. Қазынашылықтың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: республикалық бюджеттiң кассалық орындалуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау; мемлекеттік бюджетке және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру; республикалық бюджет пен нысаналы түрде қаржыландырылатын мемлекеттік қорлардың өзара қатынасын жедел басқару, осы қорлар қаражаттарының қозғалысы мен пайдаланылуын орындау, бақылау; республикалық бюджеттiң орындалуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi жүзеге асыру және есептердi белгiленген тәртiппен тапсыру; бюджет жүйесіндегі бухгалтерлiк есеп пен iшкi аудиттiң әдiстемесiн әзiрлеу, Қазынашылықтың құзыретiне қатысты және Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерi есебiнен ұсталатын ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi мәселелер бойынша есептiк операцияларды жүргiзу; мыналардың: жергiлiктi бюджеттердiң орындалуына; бюджеттік қаражаттар есебiнен ұсталатын министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, сондай-ақ өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiне; мемлекеттік және мемлекеттік емес (мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған) заемдардың, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына қаржылық бақылауды жүзеге асыру; заңдарда белгiленген тәртiппен үкiметтiк (бюджеттік) резервтiң құндылықтарын жедел басқару және есебiн жүргiзу. IV. Қазынашылықтың негiзгi функциялары 10. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Қазынашылық мынадай функцияларды орындайды: республикалық бюджеттiң орындалуын жүзеге асырады; республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттардың есебiнен ұсталатын ұйымдарға есептеу және есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетiлуiн жүзеге асырады; республикалық бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың және нысаналы қаржыландырылатын қорлардың арасындағы қаржылық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарды қаржыландырылады; республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында жалпы мемлекеттік салықтарды бөледi және оларды әртүрлi деңгейдегi бюджеттерге есептейдi; республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер арасындағы өзара есеп айырыстар мен бюджеттік несиелердi (қарыздарды) есепке алуды жүзеге асырады; республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарын, сондай-ақ ұлттық болсын және шетелдiк болсын валютамен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарамағындағы өзге де орталықтандырылған қаржылық ресурстарды басқаруды жүзеге асырады, Қазынашылықтың шоттарындағы, банктердегi қаражаттарға билiк жасайды, сондай-ақ осы қаражаттармен операцияларды жүзеге асырады; республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың кассалық шығыстарын есепке алуды қамтамасыз етедi; республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың есебiнен ұсталатын ұйымдардың тапсырмалары бойынша есеп айырыстар мен ақша аударымдарын жүргiзедi; клирингтiк (есеп айырысулық) операцияларды жүзеге асырады; екiншi деңгейдегi банктер арқылы, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастырады; республикалық бюджеттiң орындалуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдар тапсыратын төлем құжаттарын бақылауды жүргiзудiң тәртібін белгiлейдi және жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шетелдiк валютадағы Қазынашылықтың банктiк шоттары арқылы, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың валюталық операцияларын жүргiзудi және есепке алуды жүзеге асырады, оларды жүргiзген кезде заңдардың сақталуы жөнiнде тексерулер ұйымдастырады; бюджет жүйесiнде бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң және iшкi аудиттi өткiзудiң әдiстемесiн, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi; Қазынашылықтың құзыретiне қатысты бюджеттік қаражаттарды алатын ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi мәселелер бойынша есептеме жасаудың тәртібін белгiлейдi; мемлекеттік және мемлекеттік емес (мемлекет кепiлдiгiмен тартылған) заемдардың тиiмдi және мақсатты пайдаланылуын бақылауды, олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуiн және қызмет көрсетiлуiн жүзеге асырады; заңдармен белгiленген тәртiппен Қазынашылықтың шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды банктiң салымдарына және бағалы қағаздарға орналастыру жолымен кiрiс алу мақсатында оларды басқарады; бағалы металдар рыногының жай-күйiне талдау жасайды, бастапқы сауда-саттықта және қайталама рынокта бағалы металдармен және тастармен операциялар жүргiзедi; үкiметтiк (бюджеттік) резервтiң қалыптасуын және пайдаланылуын жоспарлайды, есепке алады, бақылайды және талдайды; шаруашылық субъектiлерi алатын республикалық бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; республикалық бюджеттi пайдаланудың нәтижелерi және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржылық ресурстарының жай-күйi туралы ақпаратты дайындауға қатысады; бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, сондай-ақ өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiн, олардағы ақша және тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын тексерудi, мемлекеттiң мүдделерiне қатысы бар басқа да қаржы мәселелерi бойынша тақырыптық тексерудi, және олардың негiзiнде мемлекеттік қаржының үнемделу режимiн, мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын, олардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзiрлеудi жүзеге асырады; өзiнiң құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын ұйымдарда азаматтардың хаттары мен өтiнiштерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмасымен тексеру ұйымдастырады; бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын ұйымдардың халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдары мен донор елдердiң iзгiлiк, қаржы және техникалық көмегiнiң тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына, мемлекеттік үкiмет пен басқару органдары қызметкерлерiнiң шетелдiк iс-сапарларға арналған шығыстарына бақылау жасауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiн қаржыландыруға бөлiнетiн бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргiзедi; Қазынашылықтың аумақтық органдары жұмысының тәжiрибесiн талдайды және қорытады және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олардың қызметiн тексерудi ұйымдастырады, анықталған кемшiлiктер мен жолсыздықтарды жою жөніндегі шаралар қолданады; анықталған жетiмсiздiктер, талан-таражға салу және қызмет бабын пайдалану фактілері бойынша тексерулер мен тексерiстер материалдарын тергеу органдары мен прокуратура органдарына жолдайды; Қазынашылықтың құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырады; шетел қазынашылықтары қызметiнiң ұйымдастырылу тәжiрибесiн зерделейдi және оны практикалық пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; Қазынашылық және оның аумақтық органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға қатысады; жаңа технологияларды енгiзудi ұйымдастырады және Қазынашылықтың бiрыңғай ақпараттық-есептеу жүйесiн тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi. V. Қазынашылықтың құқықтары 11. Негiзгi мiндеттердi орындау және бюджет тәртібін нығайту мақсатында Қазынашылық мынадай құқықтарға ие: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша ол уәкiлеттiк берген басқа банкте теңгемен және шетелдiк валютамен Бiрыңғай қазынашылық шотын және банктiк шоттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша өкiлеттiк берiлген басқа банкте Қазынашылықтың облыстық басқармаларының банктiк шоттарын иелену; қаражаттарды, ақшаның уақытша бос қалдықтарын Қазынашылық органдарының шоттарынан банктердегi салымдарға және бағалы қағаздарға орналастыруға және олармен жасалған келісімдерде белгiленген мөлшерде сыйақылар (мүдделер) алуға. Заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшаларын республикалық бюджеттiң тапшылығын жабу үшiн қарыз алған жағдайда, Қазынашылық сондай-ақ жоғарыда айтылған ережемен және тәртiппен сыйақылар (мүдделер) төлейдi; бюджеттік қаражаттарды пайдалану жөніндегі тексерiстер мен тексерулердi жүзеге асырған кезде белгiленген тәртiппен министрлiктерде, мемлекеттік комитеттерде, ведомстволарда, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, банктерде, әскери бөлiмдерде және олардың бөлiмшелерiнде болу; тексерiс жасалатын объектiлерде бюджеттік ресурстардың, бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сай есептелiнуiне, аударылуына және пайдаланылуына байланысты ақшалық құжаттарға (жоспарларға, сметаларға, есептерге, бухгалтерлiк, банктiк және қаржылық құжаттарға), сондай-ақ iс жүзiнде бар ақшалай қаражаттарға, бағалы қағаздар мен материалдық құндылықтарға тексеру жүргiзу; тексерiлетiн ұйымдардың кассаларын, кассалық және қызмет үйлерiн, қоймалар мен архивтерiн заңдарда белгiленген тәртiппен мөрлеп жабуға; ал жасандылықтар, жалғандықтар, ұрлықтар мен қызмет бабын пайдаланушылықтар байқалған жағдайда, қажеттi құжаттарды шығарып алып, iс қағаздарында шығарып алу актілерін, шығарып алынған құжаттардың көшiрмесiн немесе тiзiмiн қалдыру; ұйымдар республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражаттарды заңсыз және мақсатсыз пайдаланған жағдайда, сондай-ақ жұмсалған қаражаттар туралы есептердi тапсырмаған кезде, заңдарда белгiленген тәртiппен оларды бюджетке даусыз тәртiппен ақшалай өндiрiп (қайтарып) алуды жүргiзу, республикалық бюджеттен қаржыландыруды шектеу немесе тоқтата тұру; тексерiлген ұйымдардың басшыларынан және басқа қызметкерлерiнен тексерiстер мен тексерулер барысында туындаған мәселелер бойынша жазбаша түсiнiктемелер алу; тексерiстер мен тексерулер барысында тексерiс жүргiзiлген ұйымдардың басшыларымен бiрге қаржылық тәртiптiң анықталған жолсыздықтарын түзету, бухгалтерлiк есептi енгiзудiң белгiленген тәртібін, келтiрiлген зияндарды қайтаруға қажеттi шаралар қолдану; министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, ведомстволарға, және өзге де орталық атқарушы органдарға ұйымдарға тексерiстер мен тексерулердiң материалдары бойынша анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар беру, сондай-ақ шығынның орнын толтыру және кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде заң жүзiнде белгiленген тәртiппен өзге де шаралар қолдану; заңдарда белгiленген тәртiппен тексеру органдары мен прокуратура органдарынан осы материалдар бойынша қабылданған шаралардың нәтижелерi туралы ақпаратты не қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту немесе алдын ала тергеудi тоқтату мәселесiнiң шешiмi жөніндегі қаулылардың көшiрмелерiн алу; әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдану; министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден, ведомстволардан және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ бюджет қаражатын алатын ұйымдардан республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын ұйымдастыруға, сондай-ақ мемлекет алдындағы қаржылық мiндеттемелердi орындау үшiн қаржылық-валюталық бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпарат пен мәлiметтердi алу. VI. Лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi 12. Қазынашылықтың және оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын және осы Ереженi қатаң басшылыққа алуға және өзiнiң функцияларын орындау кезiнде алынған ақпараттар мен мәлiметтердi тек қызмет мақсаттарында пайдалануға мiндеттi. Өз мiндеттерiн лайықты орындамағаны және мемлекеттік құпиялар мен заң арқылы қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. VII. Қазынашылықтың қызметiн ұйымдастыру 13. Қазынашылыққа Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Директор басшылық етедi. 14. Қазынашылық директорының ұсынуы бойынша оның Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төрт орынбасары болады. 15. Қазынашылықтың директоры: Қазынашылықтың жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады; Қазынашылыққа жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауап бередi; Директордың орынбасарларының және Қазынашылықтың құрылымдық бөлiмшелерiнiң өкiлеттiктерiн белгiлейдi; Қазынашылықтың құзыретi шегiнде Қазынашылық пен оның аумақтық органдары қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер, бұйрықтар шығарады; Қазынашылықтың құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 16. Қазынашылықтың қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес лауазымға тағайындалады, ауыстырылады және босатылады. 17. Қазынашылықтың облыстардағы, Алматы қаласындағы аумақтық басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтарын Қазынашылық директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады. 18. Қазынашылық органдарының лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық актілерін қатаң сақтауға, белгiленген тәртiппен бекітілген мемлекеттік және қызметтiк құпия болып саналатын мәлiметтердi жасырын сақтауға мiндеттi. 19. Қазынашылықтың директоры Қазынашылықтың орталық аппаратының басқармалары мен бөлiмдерi туралы және Қазынашылықтың облыстық және Алматы қалалары басқармалары туралы Ережелердi бекiтедi. 20. Өз жұмысында Қазынашылықтың аумақтық органдары бюджеттердiң түрлерi арасындағы өзара есеп айырысу мәселелерi бойынша және жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдармен және жұмыс процесiнде бюджет жүйесiнiң жағдайы туралы қажеттi ақпарат жинақтау жөнiнде өзара ынтымақтастықта болады. 21. Қазынашылықтың аумақтық органдарының жұмысын тексерудi бағыныстық тәртібінде жоғарыда тұрған Қазынашылықтың органы кемiнде 2 жылда бiр реттен кем емес кезеңдiлiкте өткiзiп тұрады. 22. Қазынашылықты және оның аумақтық органдарын қаржылық қамтамасыз етудi және материалдық-техникалық жабдықтауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аппаратының тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi жүзеге асырады. 23. Қазынашылықты қайта ұйымдастыру және тарту қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қазандағы № 1028 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Республикалық бюджеттi атқару басқармасы Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Қолма-қол ақша басқармасы Бухгалтерлiк есеп әдiстемесi басқармасы Ақпараттық технологиялар басқармасы Банк операциялары бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Есепке алу саясаты және технологиялық операциялар басқармасы Бюджеттік ұйымдарды тексерiс басқармасы Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын ұйымдастыру және тексерiс бөлiмi Сыртқы қарыздарды және бюджеттік қаражаттарды шаруашылық субъектiлерiнiң пайдалануын бақылау басқармасы Қазынашылықтың аумақтық органдарының аудитi басқармасы Iшкi аудит әдiстемесi басқармасы Бағалы металдар мен асыл тастар бөлiмi Ұйымдастыру жұмысы бөлiмi Қазынашылықты жетiлдiру жобасын iске асыру жөніндегі бөлiм Ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру бөлiмi Жиынтықтау-талдау бөлiмi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |