|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы" 1997 жылғы 17 қарашадағы № 3761 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымы туралы" 1998 жылғы 23 ақпандағы № 127 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалауға байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын органдардың қызметкерлері еңбекақысының бірыңғай жүйесі туралы" 1997 жылғы 1 сәуірдегі № 3436 Жарлығының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери қызметшілердің, Мемлекеттік тергеу комитетінің органдары, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, әскери және арнайы атақтары жоқ жекелеген санаттағы адамдардың лауазымдық жалақыларын белгілеу туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1554 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1554 қаулысына 1-1-қосымша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жекелеген санаттарының жаңадан енгізілген лауазымдар бойынша Лауазымдық жалақылары _____________________________________________________________________ | Лауазым | Айлық лауазымдық жалақы | | | (теңгемен) | |___________________________________________|_________________________| |Бас әскери инспекциясының бастығы | 13400 | |Генерал-инспектор | 13200 | |Қорғаныс министрі аппаратының бастығы | 12600 | |Орталық командалық пункттің бастығы | 12000 | |Орталық командалық пункт бастығының | 11000 | |орынбасары | | |Жедел кезекшілер орталығының бастығы | 10000 | |Орталық командалық пункттің жедел | 7800 | |кезекшісі | | |Орталық командалық пункт жедел | 7200 | |кезекшісінің көмекшісі | | |Аға инспектор-ұшқыш | 5900 | | | ____ | | | 7200 | |___________________________________________|_________________________| Ескерту. Бөлгіштегі лауазымдық жалақы - ұшу құрамы үшін белгіленген ұшу мөлшерін орындау шартымен ұшу жалақысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |