|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 102 Қаулысымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығының 6-тармағының 3) тармақшасын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістер
ҚР Үкіметінің 21.04.03 ж. № 373 қаулысымен 1-тармақтың күшi жойылды 1. «Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртібі туралы уақытша ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 мамырдағы № 580 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 20, 176-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртібі туралы уақытша ережеде: 26, 27, 28, 30-тармақтар және 31-тармақтың а) тармақшасы алынып тасталсын. 2. «Судьяларды және олардың мүлкін мiндеттi мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібі мен шарттары туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 13, 90-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібі мен шарттары туралы ережеде: 56-тармақтағы», сондай-ақ лауазымынан отставка тәртібімен босатылған судьялар,»деген сөздер алынып тасталсын; 57-тармақтағы «демалыс орнына және керi қарай Қазақстан Республикасының шегiнде жол жүру құнын төлей отырып,»деген сөздер алынып тасталсын; 58-тармақ алынып тасталсын. 3. ҚР Үкіметінің 2014.24.02. № 129 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Yкіметінiң 2002 жылғы 16 шілдедегi № 789 қаулысына қосымша
1. «Жалақыға коэффициенттер есептеу үшiн жалақының шектi мөлшерiн жою туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 10 қаңтардағы № 21 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 1, 17-құжат). 2. «Жерлеуге арналған жәрдемақының мөлшерi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 мамырдағы № 466 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 21, 341-құжат). 3. «Халықтың табысы аз топтарына мемлекеттік қолдау жасау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 8 шiлдедегi № 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 28, 416-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 15 қарашадағы № 708 қаулысының күшiн Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне қолдану туралы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы № 1062 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасының жоғары төрелiк сотын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 27 қазандағы № 1067 қаулысы. 6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын көбейту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 мамырдағы № 479 қаулысы. 7. «Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен әскери қызметтен және iшкi iстер органдарынан босатылған адамдарға берiлетiн жеңілдiктер (ақшалай өтемақылар) туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 мамырдағы № 565 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 23, 246-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы iшкi iстер, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарға ақшалай төлем жасау туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 239 қаулысы. 9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 25 мамырдағы № 189 өкімі. 10. «Әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына және әскери атақтары бойынша жалақыларына аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөлейт және сусыз мекендерде жұмыс iстегенi үшiн коэффициенттердi қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 4 қазандағы № 1298 қаулысы. 11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-құжат). 12. «Әскери қызметшiлердiң, Мемлекеттік тергеу комитетiнiң органдары, iшкі iстер органдары қызметкерлерiнiң, әскери және арнайы атақтары жоқ жекелеген санаттағы адамдардың лауазымдық жалақыларын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 мамырдағы № 1554 қаулысы. 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1554 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |