Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы (2013.22.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2013.22.03. № 527 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері бекітілсін. 2. «Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 3088 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 30, 268-құжат) күші жойылған деп танылсын. 3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті ҚР Президентінің 2013.22.03. № 527 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды. 2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - қызметін бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|