|
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасының қызметін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 19.08.02 ж. № 918 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі № 632 қаулысына қосымша
«Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таратылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі 1. Ақмола «Жобалардың мемлекеттік сараптамасы» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны. 2. Алматы қалалық «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (Мемсараптама). 3. «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Алматыоблсараптама» Алматы облыстық жобалардың сараптамасы еншілес мемлекеттік кәсіпорыны.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |