|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 395 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң мемлекеттік 2000-2001 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Бақылауға жататын есiрткiлiк заттар, психотроптық құралдар және прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы"; 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың шағын мөлшерiн қамтитын көп компоненттi дәрi-дәрмек препараттарының тiзiмi (3-қосымша)."; қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын; көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы: І-кестеде: А бөлiмiнде: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "8-1. АЦЕТИЛДЕНДIРIЛГЕН АПИЫН Апиынды ацетилдендiру жолымен алынатын, құрамында есiрткiлік белсендi алкалоидтар, оның iшiнде морфин, кодеин, тебаин бар өнiм және оларды ацетилдендiру өнiмдерi: әртүрлi қатынастардағы ацетилкодеин, моноацетилморфин, диацетилморфин"; 37-тармақ "кокаин гидрохлоридiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "39. КӨКНӘР САБАҒЫ (POPPY STRAW) Тұқымдары мен тамырларын қоспағанда, құрамында есiрткiлiк белсендi алкалоидтар (морфин, кодеин, тебаин) бар кез келген тәсілмен жиналған Ұйықтататын көкнәр түрiндегi өсiмдiктердiң кез келген түрi мен сортындағы өсімдiктiң барлық бөлiгi"; мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2-тармақтарымен толықтырылсын: "42-1. 0-3-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН (3-MonoacetyImorphine, 3-0-Асеtуlmоrрhiпе) - ацетилдендiрiлген апиынды құрайтын негізгiнiң бiрi ретiнде жиi кездесетiн морфиндi толық ацетилдендірмеу өнiмi; 42-2. 0-6-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН (6-MonoacetyImorphine, 6-0-Асеtуlmоrрhiпе) - ацетилдендiрiлген апиынды құрайтын негізгінiң бiрi ретiнде жиi кездесетiн морфиндi толық ацетилдендiрмеу өнiмi"; 60-тармақ "тетрагидроканнабинолдан тұратын" деген сөздермен толықтырылсын; 72-тармақ алынып тасталсын; В бөлiмiнде 37 және 38-тармақтар алынып тасталсын; II-кестедегi: А бөлiмiндегі: 17-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын: "55-1. ЭКСТРАКЦИЯЛЫҚ АПИЫН Құрамында апиынды алкалоидтар, оның iшiнде есiрткiсi күшті морфин, кодеин, тебаин бар Ұйықтататын көкнәр түрiндегi апиын шикiзатынан немесе сабағынан әртүрлi ерiткiштермен ажыратып алу жолымен алынатын өнiм"; III-кестедегi: В бөлiмiнде: екiншi абзацта: "(құрамында кемiнде 0,01 г. тұратын белсендi зат бар)" деген сөздер "сондай-ақ өндiрiлетiн бензодиазепин және барбитур қышқылынан тұратын көп компоненттi дәрілік препараттар, тиiстi бiр дозадағы бiр тамшы мөлшердегi кемiнде 0,01 г. бiр терапевтiк дозадағы - таблеткадағы, ампуладағы белсенді заттар" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 1647 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың мөлшері шағын көп компонентті дәрілік препараттардың Тізімі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |