Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға
арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпан № 176 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176; 04.03.04 ж. № 272 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының басшылары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4. алынып тасталды
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің
2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының
Жоспары
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176 (бұр. ред. қара); 04.03.04 ж. № 272 қаулыларымен жоспар өзгертілді
Іс-шара | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушы | Орында- лу мер- зімі |
1. Есірткі құралдар мен психотроптық заттарға сұранымды қысқарту |
1.1. Есірткі құралдарды, психотроптық заттарды пайдалануға салынудың алдын алу және оларға бақылау жасауды ұйымдастыру үшін қажетті нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу | Ведомстволық бұйрықтар | ІІМ, Бас прокуратура (келісім бойынша), ДСМ, ІІМ | 2001 ж. наурыз |
1.2. Есірткі құралдарды, психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану көлемі мен олардың жасырын сипаты деңгейіне кешенді зерттеулер жүргізу | ІІМ-не қпарат | Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері, ДСМ | 2001- 2005жж. желтоқ- сан |
1.3. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін есірткіге қарсы бағдарламалар әзірлеу жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу және олардың тиімділігіне жүйелі талдама жасауды ұйымдастыру | Ведомстволық бұйрықтар | ДСМ, Ақпа- ратмині, ІІМ | 2001 ж. қыркүй- ек |
1.4. Әлеуметтік қызметтер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне "аса қатерлі" топтарда алдын алу жұмыстарын жүргізу тәртібіне қатысты семинарлар ұйымдастыру | Ведомстволық бұйрықтар | БҒМ, ДСМ, ІІМ, Ақпа- ратмині, ТСА, ІІМ | 2001- 2002жж. желтоқ- сан |
1.5. Педагогтар мен профессор- оқытушылар құрамы үшін оқушылар мен студенттердің есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қабылдау ықтималдығын көрсететін нышандарды байқау және анықтау жөнінде нұсқама- әдістемелік басшылық әзірлеу | Ведомстволық бұйрықтар | ДСМ, БҒМ, ІІМ | 2001 ж. қыркүй- ек |
1.6. Медициналық оқу орындарының және білім беру жүйесінің облыстық біліктілік жетілдіру институтының оқу жоспарларына оқушылар мен студенттер арасында нашақорлықты анықтау мен оның алдын алу әдісі жөнінде курс енгізу | Ведомстволық бұйрықтар, әкімдердің кесімдері | ДСМ, БҒМ, облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | 2001 ж. қыркүй- ек |
1.7. Теле-, радиохабар арналарында нашақорлыққа қарсы күрестің проблемаларына арналған ай сайынғы хабарлар (мемлекеттік және орыс тілдерінде) ұйымдастыру | Министрдің бұйрығы, әкімдердің кесімдері | Ақпаратмині, облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | 2001- 2005жж. қаңтар |
1.8. Есірткіге қарсы насихат және салауатты өмір салтының идеологиясы жөнінде пәрменді алдын алу шаралары жүйесін жасау | Әкімдердің кесімдері | Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері, Ақпаратмині, ДСМ, ІІМ | 2001- 2005жж. желтоқ- сан |
| Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері, БҒМ | 2001 ж. желтоқ- сан |
1.10. "Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер" деген ұранмен мектеп оқушылары мен студенттердің бүкілқазақстандық қозғалысын ұйымдастыру | Министрлердің бұйрықтары, әкімдердің кесімдері | ІІМ, БҒМ, Ақпа- ратмині, Мәдениетмині, ІІМ, облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | Жыл сайын, мамыр |
| Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері, ДСМ | 2001 ж. желтоқ- сан |
1.12. Жастар жаппай жиналатын жерлерде, демалыс және бос уақытты өткізу орындарында есірткі құралдарды, психотроптық заттарды пайдалануға салынудың алдын алу мақсатында бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды күшейту | ІІМ-не ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері, ІІМ | тоқсан сайын |
1.13. Жасөспірімдер мен жастардың демалысын ұйымдастыруға ПИК-тер (пәтер иелерінің кооперативтері) қызметін бағдарлау | ІІМ-не ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | тоқсан сайын |
1.14. ПИК-тер (пәтер иелерінің кооперативтері) пен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялар өкілдерінің қатысуымен есірткі құралдарды және психотроптық заттарды пайдалануға жарамды тұрғын емес үй-жайларды анықтауға бағытталған "Жертөле", "Тор", "Жасөспірім", "Шатыр" атты алдын алу операцияларын өткізу | ІІМ-не ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері, ІІМ, ДСМ | тоқсан сайын |
1.15. Жабайы өсетін кендірдің заңсыз егістері мен шабындықтарын анықтау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету | ІІМ-не ақпарат | ІІМ, облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | 2001 - 2005жж. шілде, қазан |
2. Есірткі құралдарды, психотроптық заттарды пайдалануға салынған адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту |
2.1. "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ДСМ, ІІМ, Бас прокуратура (келісім бойынша), ІІМ, ЕХҚМ | 2001 ж. желтоқ- сан |
2.2. Нашақорлыққа байланысты жағдай күрделі облыс орталықтарында, аудандарда және қалаларда наркологиялық диспансерлер мен кабинеттерді, ауылдық жерлерде - фельдшерлік наркологиялық пунктерді қалпына келтіру | Әкімдердің кесімдері, ведомстволық бұйрық | Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері, ДСМ | 2001 ж. желтоқ- сан |
2.3. Есірткіге тәуелді адамдарды емдеу мен оңалтудың бар әдістемелерін жетілдіру және жаңаларын әзірлеу мақсатында халықтың есірткі құралдарды және психотроптық заттарды пайдалану мәселесі бойынша эпидемиологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру | Ведомстволық бұйрық | ДСМ | жыл са- йын, маусым, желтоқ- сан |
2.4. Есірткіге тәуелді адамдарды нәтижелі емдеу және оңалту үшін психиатр-нарколог дәрігерлерін кәсіби даярлауды және олардың бі- ліктілігін арттыруды ұйымдастыру | Ведомстволық бұйрық | ДСМ | 2001 ж. желтоқ- сан |
2.5. Бас бостандықтан айыру орындарында наркологиялық қызмет ұйымдастыру және оны материалдық -техникалық жарақтандыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау | ІІМ-не ақпарат | ІІМ, облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | тоқсан сайын |
2.6. Наркологиялық орталықтар мен наркологиялық диспансерлерде кәмелетке толмаған жастарды емдеу үшін станционарлық бөлімшелер құру | Әкімдердің кесімдері, ведомстволық бұйрық | Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері, ДСМ | 2001 ж. желтоқ- сан |
2.7. Мемлекеттік емес ұйымдарға олардың есірткі құралдарды, психотроптық заттарды пайдалана- тын адамдарды емдеу мен оңалту саласындағы заңды қызметінде көмек көрсету | ІІМ-не ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қа- лаларының әкімдері | тоқсан сайын |
2.8. Есірткі құралдарды және психотроптық заттарды пайдалануға салынған адамдарды емдеу және оңалту бағдарламаларының жыл сайынғы конкурсын өткізу | Ведомстволық бұйрықтар | ДСМ, ІММ | жыл са- йын, желтоқ- сан |
2.9. Есірткі құралдардың және психотроптық заттардың медицина- лық мақсатының негізділігіне талдау жасау | ІІМ-не ақпарат | ДСМ | жыл са- йын, желтоқ- сан |