|
|
|
«Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. «Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінiң «Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын мекемелердiң тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |