Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1271 қаулысы (ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 803; 26.08.00 ж. № 1309; 29.09.00 ж.
№ 1470; 26.10.00 ж. № 1598; 20.01.01 ж. № 88; 27.02.01 ж. № 285; 25.07.01 ж.
№ 1002 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы № 575 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында мемлекет активтерін тиімді басқару мен оларға билік жасауды қамтамасыз ету жөніндегі 1998-1999 жылдарға арналған шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Кәсіпорын қосымшаға сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға жатқызылсын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне кіргізілсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) 1998-1999 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың;
2) 1998-1999 жылдары жекешелендіруге жататын мекемелердің тізбелері бекітілсін.
3. Тізбелерде көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді жекешелендіру мүлік кешендерін не оларды акционерлік қоғам етіп қайта құрғаннан кейін - акцияларының мемлекеттік пакеттерін аукциондар арқылы сату жолымен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті:
1) мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдерінің қатысуымен акционерлендіруге жататын объектілерге қатысты сатуға қойылатын акциялар пакеттерінің шекті мөлшерлерін белгілеу үшін комиссия құрсын;
2) заңдарда белгіленген тәртіппен тізбелерге сәйкес объектілерді жекешелендіруді жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Әділет министрлігі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдарымен бірлесіп екі айлық мерзім ішінде республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың нақтыланған тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бұрын қабылданған Үкімет шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
8. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 803; 29.09.00 ж. № 1470; 26.10.00 ж. № 1598; 20.01.01 ж. № 88 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға жатқызылған
кәсіпорындардың тізбесі
р/с N | Кәсіпорындардың атауы | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 |
| Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі | |
1 | "Кітап" полиграфиялық кәсіпорындардың республикалық өндірістік бірлестігі | Алматы қаласы |
2 | Республикалық ақ қағаз тауарлары фабрикасы | Алматы қаласы |
3 | "Дәуір" республикалық газет-журнал баспасы | Алматы қаласы |
6 | "Дастан" республикалық Батыс-Қазақстан баспа-полиграфиялық корпорациясы | Орал қаласы |
7 | "Рауан" республикалық баспасы | Алматы қаласы |
9 | "Қазбаспасөз" РМК | Алматы қаласы |
10 | "Полиграфия" Ақтөбе республикалық өндірістік бірлестігі | Ақтөбе қаласы |
11 | "Полиграфия" Шығыс Қазақстан республикалық өндірістік бірлестігі | Өскемен қаласы |
12 | "Полиграфия" республикалық Атырау өндірістік бірлестігі | Атырау қаласы |
13 | "Полиграфия" Жезқазған республикалық өндірістік бірлестігі | Жезқазған қаласы |
14 | "Полиграфия" Қарағанды республикалық мемлекеттік өндірістік бірлестігі | Қарағанды қаласы |
15 | "Полиграфия" өндірістік бірлестігі | Қызылорда қаласы |
16 | "Полиграфия" Көкшетау республикалық өндірістік бірлестігі | Көкшетау қаласы |
17 | "Полиграфия" Қостанай өндірістік бірлестігі | Қостанай қаласы |
18 | "Полиграфия" Павлодар республикалық өндірістік бірлестігі | Павлодар қаласы |
19 | "Полиграфия" Солтүстік Қазақстан республикалық өндірістік бірлестігі | Петропавл қаласы |
20 | "Полиграфия" Семей өндірістік бірлестігі | Семей қаласы |
21 | "Полиграфия" Ақмола республикалық өндірістік бірлестігі | Астана қаласы |
22 | "Полиграфия" Оңтүстік Қазақстан өндірістік бірлестігі | Шымкент қаласы |
23 | Шымкент қалалық баспаханасы | Шымкент қаласы |
24 | Жамбыл мемлекеттік баспаханасы | Тараз қаласы |
26 | "Полиграфия орталығы" республикалық баспаханасы | Павлодар қаласы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 803; 26.08.00 ж. № 1309; 20.01.01 ж. № 88; 25.07.01 ж. № 1002 қаулыларымен тізбе өзгертілді
1998-1999 жылдары жекешелендіруге жататын
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
р/с N | Кәсіпорындардың атауы | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 |
| Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі | |
1 | "Қазспортқамтамасыз ету басқармасы" қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы |
3 | "Орталық жүзу бассейні" қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы |
4 | "Достық" спорт кешені" қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы |
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
5 | "Қазақ мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясы(ҚАЗМСС)" қазыналық кәсіпорны | Алматы облысы Қарасай ауданы (бұрынғы Қаскелең ауданы) |
6 | "Қызылорда мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясы" қазыналық кәсіпорны | Қызылорда облысы Тасбөгет поселкесі |
7 | "Павлодар мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясы" қазыналық кәсіпорны | Павлодар облысы, Хмельницкий селосы |
8 | "Тың" мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясы" қазыналық кәсіпорны | Ақмола облысы, Никольский селосы |
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті | |
9 | "Целиноградауылшарсуменжабдықтау" өндірістік құрылыс-пайдалану бірлестігі (шаруашылық жүргізу құқығында) | Астана қаласы |
11 | Түркістан насостар зауыты (шаруашылық жүргізу құқығында) | Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы |
| Қазақстан Республикасының Аграрлық зерттеулер ұлттық академиялық орталығы | |
12 | "Целинауылшармеханизация" Қостанай машина сынау станциясы ҒӨБ" қазыналық кәсіпорны | Қостанай қаласы |
| Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі | |
13 | Еншілес кәсіпорындармен бірге "Өндірісбайланыс" мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) | Алматы қаласы |
| Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі | |
14 | "Кітап" республикалық полиграфиялық кәсіпорындар өндірістік бірлестігі | Алматы қаласы |
15 | Республикалық ақ қағаз тауарлары фабрикасы | Алматы қаласы |
16 | "Дәуір" республикалық газет-журнал баспасы | Алматы қаласы |
17 | "Алатау" баспа-полиграфия корпорациясы | Алматы қаласы |
18 | Маңғыстау ірілендірілген баспаханасы | Ақтау қаласы |
19 | "Дастан" Батыс-Қазақстан республикалық баспа-полиграфиялық корпорациясы | Орал қаласы |
20 | "Рауан" республикалық баспасы | Алматы қаласы |
22 | "Қазбаспасөз" РМК | Алматы қаласы |
23 | "Полиграфия" Ақтөбе республикалық өндірістік бірлестігі | Ақтөбе қаласы |
24 | "Полиграфия" Шығыс Қазақстан республикалық өндірістік бірлестігі | Өскемен қаласы |
25 | "Полиграфия" Атырау республикалық өндірістік бірлестігі | Атырау қаласы |
26 | "Полиграфия" Жезқазған республикалық өндірістік бірлестігі | Жезқазған қаласы |
27 | "Полиграфия" Қарағанды республикалық мемлекеттік өндірістік бірлестігі | Қарағанды қаласы |
28 | "Полиграфия" өндірістік бірлестігі | Қызылорда қаласы |
29 | "Полиграфия" Көкшетау республикалық өндірістік бірлестігі | Көкшетау қаласы |
30 | "Полиграфия" Қостанай өндірістік бірлестігі | Қостанай қаласы |
31 | "Полиграфия" Павлодар республикалық өндірістік бірлестігі | Павлодар қаласы |
32 | "Полиграфия" Солтүстік Қазақстан республикалық өндірістік бірлестігі | Петропавл қаласы |
33 | "Полиграфия" Семей өндірістік бірлестігі | Семей қаласы |
34 | "Полиграфия" Ақмола республикалық өндірістік бірлестігі | Астана қаласы |
35 | "Полиграфия" Оңтүстік Қазақстан өндірістік бірлестігі | Шымкент қаласы |
36 | Шымкент қалалық баспаханасы | Шымкент қаласы |
37 | Жамбыл мемлекеттік баспаханасы | Тараз қаласы |
39 | "Полиграфия орталығы" республикалық баспаханасы | Павлодар қаласы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 27.02.01 ж. № 285 қаулысымен тізбе өзгертілді
1998-1999 жылдары жекешелендіруге жататын
мекемелердің тізбесі
р/с N | Объектінің атауы | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 |
1 | "Каспий мұнай-газ" Каспий ғылыми-зерттеу институты | Атырау қаласы |
2 | "Каспий мұнай-газ ғылыми-зерттеу институтының жанындағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы | Атырау қаласы |
3 | Экономикалық зерттеулер институты | Алматы қаласы |
4 | Қазақ тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыс қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты (ҚазТӨҚҒЗИ) | Қарағанды қаласы |
5 | Түсті металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми- зерттеу орталығы (ТМКТҚҒЗИ) | Өскемен қаласы |
6 | | Қарағанды қаласы |
7 | Химия өнеркәсібіндегі қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы | Шымкекнт қаласы |
8 | Қалалық спорт кешенінің спорт сарайы | Ақтөбе қаласы |
10 | "Егемен Қазақстан" республикалық газеті | Алматы қаласы |
11 | "Қазақ әдебиеті" республикалық газеті | Алматы қаласы |
12 | "Коре ильбо" республикалық газеті | Алматы қаласы |
13 | "Уйгур айвази" республикалық газеті | Алматы қаласы |
14 | "Дойче альгемайне цайт" республикалық газеті | Алматы қаласы |
15 | "Украинскі новині" республикалық газеті | Алматы қаласы |
16 | "Ақиқат" республикалық журналы | Алматы қаласы |
17 | "Ақ желкен" республикалық журналы | Алматы қаласы |
18 | "Жалын" республикалық журналы | Алматы қаласы |
19 | "Мысль" республикалық журналы | Алматы қаласы |
20 | "Абай" республикалық журналы | Алматы қаласы |
21 | "Жұлдыз" республикалық журналы | Алматы қаласы |
22 | "Простор" республикалық журналы | Алматы қаласы |
23 | "Парасат" республикалық журналы | Алматы қаласы |