|
|
|
"Союзцелинвод тресті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына ерекше әсер ететін Солтүстік аймағы магистральдық облысаралық топтық су құбырларының стратегиялық маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңнамада белгілеген тәртіппен "Союзцелинвод тресті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі - Кәсіпорын) оңалту рәсімін тоқтатып, сотқа оны банкрот деп тану туралы арыз беруді қамтамасыз етсін. 2. Сот Кәсіпорынды банкрот деп тану және конкурстық іс қозғау туралы шешім шығарған жағдайда, мыналарды: 1) Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін жүзеге асыру үшін қажетті өндірістің бірыңғай технологиялық циклын қамтамасыз ететін Кәсіпорынның мүліктік кешенін бірыңғай лотпен (бұдан әрі - лот) сатуды; 2) лоттың ең төменгі бағасын әкімшілік шығыстар сомасы мен бірінші кезектегі несиегерлердің талап қою сомасынан кем емес етіп белгілеуді; 3) сатып алушының өндірістік-технологиялық циклының үздіксіздігін қамтамасыз етуін көздейтін оның конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін. 3. Конкурстық массаны сатып алушыларға мыналарды: 1) конкурстық массаны сатудан түсетін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда сатып алушының үшінші кезектегі несиегерлердің талаптарын өтеу жөнінде міндеттемелер қабылдауын; 2) лоттың сатып алушысының Кәсіпорын қызметінің бейінін сатып алған күнінен бастап 20 жыл бойы сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдауын көздейтін қосымша талаптар қойылсын. 4. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшасында: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті" бөлімінде реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |