|
|
|
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде жедел-іздестіру (Бұр. ред. қара) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" және "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 29.09.04 ж. № 998 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты айлық мерзімде ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға бұрынырақ берілген лицензияларды осы қаулыға сәйкес келтірсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) үш айлық мерзімде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету бөлігінде байланысты ұйымдастыру жабдықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетіне бекітуге және тіркеуге ұсынсын; 2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, алты айлық мерзімде Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл ережесін әзірлесін және оны қолданысқа енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |