|
|
|
Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауіпсіздіктің кейбір мәселелері туралы (2020.31.12. берілген өзгерістермен)
Республиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік пен нақты және ықтимал қатерден және қол сұғушылықтардан қорғау жүйелерін дамытуға жағдай жасаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Семсер» жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі - «Семсер» ЖАҚ) мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін, объектілерін, қызметі мұнай-газ саласымен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде арнайы құрылымдық бөлімше құру назарға алынсын. ҚР Үкіметінің 16.07.03 ж. № 700 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. «Семсер» ЖАҚ-тың оқу орталығы күзет қызметі субъектілерін даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығы ретінде (келісім бойынша) белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Семсер» ЖАҚ-та қызметтік қару сатып алуға және күзет дабылдатқышын құрастыру, оңдау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берсін. 4. ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 960 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |