|
|
|
"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері ҚР 2002 ж. 25 желтоқсандағы № 1366 қаулысымен осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Эксимбанк) несие портфелiнiң сапасын жақсарту, сондай-ақ несиелерге қызмет көрсету тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне заңнамада белгiленген тәртiппен сенiмгердiң мүддесi үшiн және тапсырмасы бойынша ақша мен бағалы қағаздарды басқару жөніндегі сенiмгерлiк (трастылық) операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Даму Банкi) беру ұсынылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 1) заңнамада белгiленген тәртiппен 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде Даму Банкiне (келісім бойынша) кейiннен сатып алу құқығынсыз жарғылық капиталының 100 пайызы мөлшерiнде Эксимбанк акцияларының мемлекеттік пакетiн сенiмгерлiк басқаруға берудi жүзеге асырсын; 2) сенiмгерлiк басқаруға арналған шарттың ережелерiнде сенiмгерлiк басқарушының: екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде берiлген несиелер бойынша, Экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен берiлген несиелер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражат бойынша берешектi республикалық бюджетке өндiрiп алу жөніндегі Эксимбанктiң құқықтары мен мiндеттерiн "Медетшi қоры" жабық акционерлік қоғамына (келісім бойынша) беру; 2001 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша аудиторлық ұйымның Эксимбанктiң аудитiн жүргiзуi; 2001 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Эксимбанктің активтерін және шартты міндеттемелерін қайта құрылымдау жөніндегі міндеттемелерін көздесін; 3) Даму Банкімен (келісім бойынша) бірлесіп, эксимбанк акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқару мерзімі өткенге дейін Эксимбанктің одан әрі қызметі жөніндегі есепті және ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырсын. 3. Даму Банкі (келісім бойынша) сенімгерлік басқаруға арналған шарт жасасқан күннен бастап бір ай мерзімде Азия Даму Банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған Бағдарламалық заемының бірінші траншын игеру шеңберінде берілген несиеге Эксимбанктің одан әрі қызмет көрсетуі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс жасасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |