|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Отель Астана" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 923 қаулысына: мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi" деген сөздер "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Айт-Отель" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 тамыздағы № 927 қаулысына: мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi", "Қазақстанның Даму Банкiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Эксимбанкi", "Қазақстан Эксимбанкiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесiнiң департаментi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 969 қаулысына: мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi" деген сөздер "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 8 қазандағы № 1294 қаулысы; 2) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының қызметін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |