|
|
|
"Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің 25.12.02 ж. № 1366 қаулысымен мәтіндегі "Қазақстанның Даму Банкi", "Қазақстанның Даму Банкiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Эксимбанкi", "Қазақстан Эксимбанкiне" деген сөздермен ауыстырылсын; (бұрынғы ред. қара) Мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Эксимбанкi " жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрi - Қазақстанның Эксимбанкi ) (келісім бойынша) және - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-пен (келісім бойынша) бiрлесiп келісімге қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда: 1) қаулының қосымшасына сәйкес Түркия кредит желісі шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың шетелдiк банкке ақы төлеудi жүргiзу мiндеттемесiн; 2) мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтару тәртібін, оның iшiнде: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi; мемлекеттік кепiлдiк бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны негiзгi борышқа 2013 жылы капиталдандыруды; 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны қоса алғанда, 2013 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда тең үлеспен мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджетке қайтаруын; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекет кепілдiк берген қарыздың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтаруын қамтамасыз ету ретiнде "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың бас құрылтайшысы - "Ahsell Insaat Taahhut ve Ticaret A.S." түрiк фирмасының кепiлдiгiн берудi; "Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiлдiк келісімiн ресiмдеудi; қарыз алушы - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қаражаты есебiнен Қазақстанның Эксимбанкiне агенттiк сыйақы төлеуді көздесiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 тамыздағы № 927 қаулысына қосымша Түркия кредит желісі шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ шетелдiк банкке төлемдерi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |