|
|
|
Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң кейбір мәселелерi (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасында күзет қызметiн ретке келтiру мақсатында және «Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 2011.07.10. № 1151 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мынадай мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерi: 1) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі; 2) 1-қосымшаға сәйкес мамандандырылған күзет қызметiнің Республикалық бас басқармасы, облыстық (қалалық) басқармалары, қалалық және аудандық бөлiмдерi (бөлiмшелерi) құрылсын; 2-2) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі. 3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Күзет» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - «Күзет» РМК) таратылсын және 2-қосымшаға сәйкес «Күзет» РМК-ның еншiлес кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ұсынысы қабылдансын. 4. ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) құрылатын мемлекеттік мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінiң 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 7. «Қазақстан Республикасында меншiктiң барлық нысанының күзетi саласындағы қызметті реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 тамыздағы № 671 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 31, 364-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 8. Осы қаулы, оның 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 2, 3-тармақтарын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 04.04.03 ж. № 321 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мамандандырылған күзет бөлiмшелерінің облыстық (қалалық) басқармаларының, қалалық және аудандық бөлiмдерiнiң (бөлімшелерiнің) ТIЗБЕСI Ақмола облысы 1. Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 2. Атбасар ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 3. Есіл ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 4. Бұланды ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 5. Ерейментау ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 6. Зерендi ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 7. Степногор қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 8. Шортанды ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 9. Щучье ауданының (Щучье қаласының) мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 10. Щучье ауданының (Бурабай кентiнiң) мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 11. Сандықтау ауданының мамандандырылған күзет қызметі бөлiмшесi 12. Астрахан ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Ақтөбе облысы 13. Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 14. Мұғалжар ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 15. Хромтау ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 16. Шалқар ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 17. Алға ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 18. Қарғалы ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Алматы қаласы 19. Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 20. Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi Алматы облысы 21. Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 22. Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы (Алматы қаласы) 23. Алакөл ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 24. Еңбекшiқазақ ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 25. Шелек ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 26. Жамбыл ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 27. Іле ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 28. Қаратал ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 29. Қарасай ауданының мамандандырылған күзет қызметі бөлiмшесi 30. Панфилов ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 31. Сарқант ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 32. Талғар ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 33. Қапшағай қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 34. Текелi қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 35. Кербұлақ ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 36. Көксу ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Астана қаласы 37. Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы Атырау облысы 38. Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 39. Исатай ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 40. Мақат ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 41. Жылыой ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi Шығыс Қазақстан облысы 42. Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 43. Семей қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 44. Курчатов қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 45. Лениногор қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 46. Зыряновск қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 47. Шемонаиха ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 48. Жарма ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 49. Аягөз қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 50. Зайсан ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 51. Бородулиха ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 52. Глубокое ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Жамбыл облысы 53. Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 54. Қордай ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 55. Мойынқұм ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Батыс Қазақстан облысы 56. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 57. Бөрлi ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 58. Ақжайық ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Қарағанды облысы 59. Қарағанды облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 60. Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 61. Теміртау қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 62. Саран ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 63. Балқаш қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 64. Қаражал қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 65. Жаңаарқа ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 66. Шет ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 67. Октябрь ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 68. Совет ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 69. Сәтбаев қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 70. Шахтинск қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 71. Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы (Жезқазған қаласы) Қостанай облысы 72. Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 73. Рудный қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 74. Лисаковск қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 75. Лисаковск қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 76. Әулиекөл ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 77. Жетiқара ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 78. Қарабалық ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 79. Меңдiқара ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 80. Қостанай ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 81. Федоров ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Қызылорда облысы 82. Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 83. Арал ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 84. Жалағаш ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 85. Шиелi ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Маңғыстау облысы 86. Маңғыстау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 87. Жаңаөзен қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 88. Бейнеу ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Павлодар облысы 89. Павлодар облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 90. Ақсу ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 91. Ертіс ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 92. Екiбастұз қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi Солтүстiк Қазақстан облысы 93. Солтүстiк Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 94. Айыртау ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 95. М. Жұмабаев ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 96. Жамбыл ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 97. Қызылжар ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 98. Мамлют ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 99. Тайынша ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 100. Целинный ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Оңтүстiк Қазақстан облысы 101. Оңтүстiк Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 102. Сарыағаш ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 103. Сайрам ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 104. Түркiстан қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 105. Арыс ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 106. Төле би ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 107. Түлкiбас ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 108. Шардара ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi Үкіметінiң 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгінiң таратуға жататын «Күзет» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарының ТIЗБЕСI 1. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Алматы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Алматы қ. 2. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Астана» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Астана қ. 3. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Жетiсу» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Алматы қ. 4. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Атырау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Атырау қ. 5. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Маңғыстау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Ақтау қ. 6. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Өскемен» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Өскемен қ. 7. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Ақтөбе» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Ақтөбе қ. 8. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Семей» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Семей қ. 9. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Жамбыл» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Тараз қ. 10. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Жезқазған» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Жезқазған қ. 11. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Орал» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Орал қ. 12. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Қарағанды» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қарағанды қ. 13. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Қызылорда» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қызылорда қ. 14. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Көкшетау» еншілес мемлекеттік кәсiпорны Көкшетау қ. 15. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Қостанай» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қостанай қ. 16. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Павлодар» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Павлодар қ. 17. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Петропавловск» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Петропавловск қ 18. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның »Талдықорған» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Талдықорған қ. 19. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Шымкент» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Шымкент қ 20. Қазақстан Республикасының IIМ «Күзет» РМК-ның «Медеу» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Алматы қ. ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |