Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 203 Қаулысы
(2013.16.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.09.06. № 774 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінiң 2006.29.12. № 1315 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.09.06. № 774 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 17.07.02 ж. № 797; 31.10.03 ж. № 1083; 05.12.03 ж. № 1238; 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2006.29.12. № 1315 (бұр.ред.қара); 2007.12.06. № 484 (бұр.ред.қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.10.04 № 502 (бұр.ред.қара); 2009.13.11 № 1834 (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1165 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 1686 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.06. № 774 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 963 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай құрамда телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын:
Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы; |
Әбдіреева Шолпан Тоқтарқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары; |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi |
Жақсыбаева Шолпан Ахметқызы | - Қазақстан телерадио хабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры |
Кемербаев Тимур Тоқанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің байланыс бас басқармасының бастығы; |
Омашев Намазалы Омашұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі; |
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Бұлдыбаев Аянжан Шүлембайұлы | - «Телекоммуникация саласындағы техникалық cүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары (келісім бойынша); |
Күзеков Асхат Сәйпиұлы | - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Қырықбаев Арман Оразбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Қалианбеков Болат Серікұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, хатшы |
Бекхожин Ерлан Қалижанұлы | - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) |
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Ықсанова Гүлнар Мұстақымқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Қуанышев Жапсарбай Iлиясұлы | - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша) |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры; |
Башимов Марат Советұлы | - «Еуропа құқығы және адам құқықтары институты» қоғамдық бiрлестiгiнiң сарапшысы, профессор, заң ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша) |
Кациев Олег Ахсарович | - Қазақстандағы «Internews Network» халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры (келісім бойынша) |
Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы | - «Қазақстан Республикасы телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы» қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша) |
Матаев Сейітқазы Бейсенқазыұлы | - Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Оразов Нұрай Нұрғожаұлы | - «Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы | - «Әлеуметтік әріптестік орталығы» корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша) |
Жолдыбай Кенжеболат Махмұтұлы | - «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Әліғожин Бекет Қабиденұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы; |
Құдайбергенов Нұрлан Баязитұлы | - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі (келісім бойынша); |
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1238 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1238; 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1165 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.09.06. № 774 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгiленсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |