|
|
|
Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 Қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1235 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкiметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесi 1. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрi - қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, қаржыландыру, орналастыру және орындау рәсiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттік уәкілеттi орган, мемлекеттік тапсырыс берушiлер мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейдi. 2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және мiндеттемелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасында қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту бағдарламалары, осы мақсаттарға белгіленген шығындар шегiнде қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы әрi екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарларды және технологияларды өндiруге, беруге, сатып алуға тапсырыс орналастыру мiндеттемелерi қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үшiн негiз болады. Мемлекеттік тапсырыс берушiлер ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешiктiрмей уәкiлеттi органға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбiр келесi жылға алдын ала өтiнiмдер ұсынады, бұл ретте алдын ала өтiнiмдер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілмейді. Уәкiлеттi орган мемлекеттік тапсырыс берушiлердiң алдын ала өтiнiмдерi негiзiнде келесi жылға қорғаныстық тапсырыс жобасын қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi. Мемлекеттік тапсырыс берушiлер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасы Республикалық бюджет комиссиясының мәжілісiнде қорғаныстық тапсырыс номенклатурасын қорғайды. Тиiстi жылға арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейiн бiр ай мерзiмде мемлекеттік тапсырыс берушiлер қорғаныстық тапсырысқа енгізу үшiн нақтыланған өтiнiмдердi 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органға ұсынады. Өтiнiмдер Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығындарын экономикалық сыныптау бағдарламалары, кiшi бағдарламалары және ерекшелiктерi бөлiгiнде әрi онда осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмi қабылданған кезден екi айдан аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығындарын экономикалық сыныптау бағдарламалары, кішi бағдарламалары және ерекшелiктерi бөлiгiнде уәкiлеттi органның 2-қосымшаға сәйкес ұсынуы бойынша қорғаныстық тапсырысты бекiтедi. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиiстi жылға арналған қорғаныстық тапсырысты бекiткеннен кейiн уәкiлеттi орган оның тапсырмаларын тиiстi мемлекеттік тапсырыс берушiлерге және орындаушыларға жеткізеді. 3. Қорғаныстық тапсырысты орындау Мемлекеттік тапсырыс берушiлер қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды анықтау мақсатында "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырмаларды орналастыруға конкурстар өткiзедi, орындаушылармен шарттар жасасады, орындалуын бақылауды жүзеге асырады және мемлекеттік тапсырыс берушiлер үшiн көзделген басқа да функцияларды iске асырады. Отандық тауар өндiрушi - қорғаныс тапсырысын орындаушылар конкурс өткізу кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен басымдыққа ие болады. Қазақстан Республикасының қорғаныс, құқық тәртібі және ұлттық қауiпсiздiгi мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн қажеттi қару-жараққа, әскери техникаға, арнайы әрi екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) өнiмге және басқа да өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) тапсырмаларды орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасының құпиялық тәртібін сақтау, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетi кепiлдiктерi талап етiлсе, мемлекеттік тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келісім бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 21-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1663 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік сатып алуды жабық конкурс немесе осы өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) өндiру және (немесе) беру мүмкiндiгi бар қорғаныс өнеркәсiбi ұйымдарынан бiр көзден сатып алу тәсiлдерiмен жүзеге асыруы мүмкiн. Қорғаныстық тапсырыс өнiмiн орындау заңнамамен белгiленген тәртiпте шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берiлетiн өнiмнiң сапасы нормативтiк және техникалық құжаттама талаптарына, шарт ережелерiне сәйкес болуға тиiс және оны мемлекеттік тапсырыс берушiлер, соның iшiнде олардың өкiлдiктерi бақылайды. 4. Қорытынды ережелер "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкiлеттi орган қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі жұмыстарды салааралық үйлестiрудi және олардың ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік тапсырыс берушiлер жыл сайын, 25 наурыздан кешiктiрмей, уәкiлеттi органға қорғаныстық тапсырмалардың орындалуы туралы Қаржы министрлігімен келісілген жылдық есептердi ұсынады. Уәкiлеттi орган жыл сайын, 15 сәуiрден кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Үкіметiне тұтас алғанда қорғаныстық тапсырыстың iске асырылуы туралы жылдық есептi ұсынады. Өте құпия (толтыру бойынша)
Лауазымы, аты-жөнi _____________________________________ (мемтапсырыс берушiнiң атауы) ______________________________________ (қорғаныстық тапсырыс өнiмі) 200 __ жылға арналған ӨТІНІМІ
Қаржы министрлігі
2-қосымша Өте құпия (толтыру бойынша) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы "___" ______ № 881 қаулысымен бекітілдi Қазақстан Республикасының 200__ жылға арналған
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |