|
|
|
Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы Қазақстан
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1344 Қаулысымен күші жойылды
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысымен бекітілген Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен авиабағыттарға субсидиялар жұмсау тәртібін анықтайды. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешімдерi негiзінде жүзеге асырылатын авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдар, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың шешімдерi негiзінде жүзеге асырылатын, авиабағыттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн тасымалдарға тиiстi бюджетте көзделген қаражат есебiнен субсидия берiлуге тиiс. Авиатасымалдарды субсидиялауға авиатасымалдар кезiнде тариф пен пайдалану шығыстары көлемiнің арасында белгiленген айырма жатады. 3. Субсидиялау авиатасымалдарға әуе кемесiнің экономика сыныбы есебiнен қолданылады. 2. Субсидияларды есептеу және төлеу тәртібі 4. Республикалық бюджеттен авиатасымалдар бойынша субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тиiстi бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргiзiледi. 5. Жергiлiктi бюджеттен авиатасымалдар бойынша субсидиялар төлеу әкiмдiк қаулысымен бекітілген тиiстi бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 362 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Субсидияларды төлеу ай сайын авиатасымалдардың нақты орындалған және құжатпен расталған көлемi бойынша осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. 7. Субсидиялар алу үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, ал жергiлiктi бюджеттен субсидияланған жағдайда - жергiлiктi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) мен авиатасымалдарды жүзеге асыратын авиакомпаниялар арасында осы Ереженің 2-тармағына сәйкес белгiленген авиабағытты субсидиялау туралы шарт жасалады. 8. Авиабағытты субсидиялау туралы келісім жасалғаннан кейiн авиакомпания ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-i күнiне дейiнгi мерзiмде айлық қаржы есебiн уәкiлеттi органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен куәландырған мынадай құжаттарды қоса бередi: 1) сатылған билеттер тiзiлiмiн қоса, осы бағыт бойынша тасымалданған авиажолаушылар авиабилеттерi купондарының көшiрмесi; 2) әуежай, аэронавигация, метео қызметтерi шоттарының көшiрмесi; 3) жанар-жағар май материалдарын құю жөніндегі талаптар көшiрмесi; 4) жинақтау-тиеу ведомосiнің көшiрмесi; 5) жүк құжатының көшiрмесi; 6) бiр ұшу сағаты өзiндiк құнының есебi; 7) ұшу тапсырмасының көшiрмесi. 9. Уәкiлеттi орган тiркелген құжаттары бар айлық қаржылық есебiн қабылдағаннан кейiн осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес салыстыру актісін жасайды және жүргiзілген шығыстардың мақсатты жұмсалуы мен субсидиялар сомасын бекіту туралы қорытынды жасай отырып авиатасымалдардың орындалу фактілеріне тексеру жүргiзедi. 10. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасының әуежайлары және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсiпорны уәкілеттi органға осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген мерзiмде әрбiр жеке авиабағыт бойынша көрсеткен авиақызметтерi үшiн авиакомпанияларға төлеуге ұсынылған шоттар көшiрмелерiн бередi. 11. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның бюджеттік ақшаны пайдалануға рұқсатына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық аумақтық органдарына осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес субсидияланатын авиатасымалдар тiзiлiмiн, салыстыру актілерін және шарттардың көшiрмесiн өзiнің бюджеттік шотынан авиакомпанияның ағымдағы шотына ақша аударуға төлем тапсырмаларымен бiрге бередi. 12. Осы Ереженің 8 және 9-тармақтарымен бекітілген талаптарды авиабағыттарды пайдалану процесінде орындамаған авиакомпанияларға және жолаушыларды, қолжүктерін, жүктердi және почтаны тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету үшін авиабағыттарға арналған куәліктерді қайтарып алған жағдайда субсидияларды есептеу мен төлеу жүргізілмейді. жұмсау ережесіне 1-қосымша Қаржылық есеп нысаны (ай сайын) теңге
Бас бухгалтер М.О. жұмсау ережесіне 2-қосымша САЛЫСТЫРУ АКТІСІ 200_ жылғы "___" ____________ Біз, төменде қол қойған _____________________________________________ (Авиакомпанияның басшысы мен бас бухгалтерінің А.Ә.Т.) бір тараптан және ________________________________________________________ (Уәкілетті орган басшысының А.Ә.Т.) екінші тараптан, 200_ жылғы "___" _______ орындалған жұмыстар үшін өзара есеп айырысудың осы салыстыру актісін жасадық. теңге
Өзара есеп айырысу нәтижесінде субсидиялау сомасы _________________________ (сомасы санмен және жазумен, теңгеде) теңгені құрады. Тараптардың заңды мекен-жайлары: Уәкілетті орган Авиакомпания СТН СТН Банкілік деректері Банкілік деректері _______________________ ______________________ (басшының қолы, А.Ә.Т.) (басшының қолы, А.Ә.Т.) М.О. ___________________________ (бас бухгалтердің қолы А.Ә.Т.) М.О. жұмсау ережесіне 3-қосымша ___________________________ сомадағы тізілімді бекітемін ___________________________________ (қолы) (уәкілетті органның басшысы) 200_ жылғы "___" __________ Авиатасымалдарды субсидиялау ТІЗІЛІМІ 200_ жылғы "___" __________
(сома санмен және жазумен, теңгеде) Осы тізілімге қоса тіркелді: 1. ___________________________ 2. ___________________________ 3. ___________________________ Авиакомпания Уәкілетті орган _____________________________ _____________________________ (басшының қолы, А.Ә.Т.) (басшының қолы, А.Ә.Т.) ______________________________ ______________________________ (бас бухгалтердің қолы, А.Ә.Т.) (бас бухгалтердің қолы, А.Ә.Т.) М.О. М.О.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |