|
|
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер (ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері қолбасшысының бас басқармасы оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитеті (бүдан әрі - Комитет) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (1-тармақ құпия) бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1057 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. Құпия. 2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының шекті штат санын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына: Орталық органдардың аппараты бөліміндегі республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының санында: Ішкі әскерлердің бас басқармасының аппараты деген сөздер Ішкі әскерлер комитетінің аппараты деген сөздермен ауыстырылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 202 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында: Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы, Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасының, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы деген сөздер Ішкі әскерлер комитеті, Ішкі әскерлер комитетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитеті деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |