|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 29 қазандағы № 1148 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 желтоқсандағы № 1502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 51, 490-құжат): 1-тармақтың екінші абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын. 3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде: реттік нөмірлері 27, 76, 77, 95, 97, 98-жолдар алынып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 20, 215-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына берілетін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 75, 76, 77, 78, 79, 80-жолдармен толықтырылсын: «75. Қазақ балық шаруашылығы Алматы қаласы ғылыми-зерттеу институты 76. Қазақ орман шаруашылығы Ақмола облысы, және агроорман мелиорациясы Щучинск қаласы ғылыми-зерттеу институты филиалдарымен 77. Алматы орман тәжірибе Алматы қаласы станциясы 78. Алтай орман тәжірибе Шығыс Қазақстан станциясы облысы, Риддер қаласы 79. Кондратов тәжірибе-үлгілік Солтүстік Қазақстан орман питомнигі облысы, Мамлют ауданы 80. Ө.Ө.Оспанов атындағы Ақмола облысы, Топырақтану институты» Шортанды ауданы, «Научный» кенті».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |