|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 724, 725, 726, 727, 728, 729, 730, 731, 732, 733, 734, 735, 736, 737, 738, 739, 740, 741, 742, 743, 743-1, 744, 745-қосымшаларға сәйкес Қазақстан республикасының Президенті Іс басқармасының 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 724 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Әкiмшілік шығындар" 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 112644 мың теңге (жүз он бiр миллион алты жүз қырық төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтi құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 21, 22, 23, 24 және 25 баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған, Қазақстан Республикасы органдары жұмысшыларының еңбекақысын төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының орталық аппаратының қызметiн, оған жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындау үшiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының - орталық органының аппаратын күтiп ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасына жүктелген қызметтердi сапалы және мезгiлiнде орындау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 725 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Бiлiктіліктi арттыру және кадрларды даярлау" 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 420 мың теңге (төрт жүз жиырма мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтi құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 3-бабы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Лауазымдық мiндеттердi тиiмдi орындау және кәсіби шеберлiгiн жетiлдіру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызметiнiң саласындағы білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім, iскерлiк және дағдыларын толықтыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттiң қазiргi уақыттағы экономикалық талаптарына және ресурстық мүмкiндiктерiне сәйкес кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына жауап беретiн мемлекеттік қызметшiлердің сапалы оқуын қалыптастыру және оның жүйесiн дамыту арқылы мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 726 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Азаматтардың жеке санаттарына медициналық жәрдем көрсету" 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 702335 мың теңге (жетi жүз екі миллион үш жүз отыз бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 16, 25, 26 және 42-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бiрiншi кезектегi iс-шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Медициналық орталығына тiркеу тәртібі туралы" 1999 жылғы 21 желтоқсандағы N ІБ - 01/76 Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының бұйрығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Медициналық орталығына тiркелген және қызмет көрсетiлетiн азаматтар санаттарының денсаулығын сақтау және нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тiркелген құрамға біліктi және маманданған медициналық жәрдем көрсету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығына тiркелген және қызмет көрсетiлетiн азаматтар санаттарының ауруын төмендету. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 727 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету" 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 17979 мың теңге (он жетi миллион тоғыз жүз жетпiс тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тiркелген құрамға көрсетiлетiн медициналық жәрдемнің көлемi мен сапасын жақсартуға негiз болатын қазiргi заманғы медициналық технологияларды аурудың алдын алу, зерттеу және емдеу салаларына енгізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Медициналық орталығына ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсiпорындардың жүйесiнде қазiргi заманғы медициналық технологияларды әзiрлеу және енгізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: жаңа технологиялар жөнінде Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық Орталығына ведомстволық қарасты мекемелердің ақпараттық хабардар болу деңгейiн көтеру; Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық Орталығын тұрақты қаржыландыру негiзiнде, тiркелген құрамға медициналық қызмет көрсетудiң біліктілігi мен сапасын көтеру. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 728 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының объектілерiн салу және қайта жаңарту" 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 4872524 мың теңге (төрт миллиард сегiз жүз жетпiс eкі мың миллион бес жүз жиырма төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуiрдегі № 378 Жарлығы; "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының 2005 жыл кезеңiне дейiнгi әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнiндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегі № 534 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аса маңызды мемлекеттік объектiлердiң құрылысы. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының объектілерiн салу және қайта жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есіл өзенiнiң сол жақ жағалауында әкiмшiлiк ғимарат (объектiнің сметалық құнының 74%) және мемлекеттік резиденциялардың объектiлерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемiн орындау. Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің 400 орындық бiрлескен мәжілістер залы, Стратегиялық зерттеулер институты, кеңсе мен қор, "Оқжетпес" шипажайы, 180 оқушыға арналған сержанттар мектебi, станциялар, абоненттiк қондырғылар, үкiметтiк байланыстың байланыстырушы желiлерi мен басқа да құрылыстарын жоспарлауын және салуын аяқтау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 729 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Литерлiк рейстерге қызмет көрсету" 034 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2196195 мың теңге (екi миллиард жүз тоқсан алты миллион жүз тоқсан бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 28, 30-баптары "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Бүркiт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 мамырдағы № 745 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің және қызмет көрсетiлетiн тұлғалардың кедергiсiз жол жүруiне жағдай жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: литерлік рейстердi ұйымдастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Президентi мен қызмет көрсетiлетiн тұлғалар жұмысын жұмылдыру және жеңiлдетудi қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 730 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Мемлекеттік резиденциялардың қызметiн қамтамасыз ету" 035 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1032002 мың теңге (бiр миллиард отыз екi миллион екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 28 және 30 баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" 1997 жылғы 8 қазандағы № 1428 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік резиденцияларды жоғары деңгейде толық күтіп ұстау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік резиденцияларды пайдалану және ресми iс-шараларды өткізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күткен нәтижелер: ресми іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу; қызмет көрсететін мемлекеттік резиденциялардың қанағаттанарлық жағдайы. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 731 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Үкiмет үйлерiн ұстау" 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 731647 мың теңге (жетi жүз отыз бiр миллион алты жүз қырық жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1724 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 маусымдағы № 793 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қызмет ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функциясы. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мен Үкіметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |