|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 640, 641, 642, 643, 644, 645-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 640 қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 640-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi 2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар" 001 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 37474 мың теңге (отыз жетi миллион төрт жүз жетпiс төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 1-30-баптары, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1031 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оған жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi аппаратының қызметiн қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің аппаратын ұстау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң МҚСБ ғимаратына қызмет көрсету және оны ұстау, жабдық сатып алу және жарақтандыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiне жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы және материалдық-техникалық, оның iшiнде мемлекеттік құпияларды құрайтын рұқсат етілмеген қол жетiмдiлікті шектеу мен оның жолын кесу мақсатында жарақтандыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 641 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi 2003 жылға арналған 010 "Республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігiн арттыру және қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 220 мың теңге (екi жүз жиырма мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 3 бабы; Қазақстан Республикасы ?кіметінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігiнің мәселелерi" 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1031 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өзiнің қызметтiк мiндеттерiн оңтайлы орындау үшiн және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн кәсiби қызметтегi салада қойылатын білiктілiк талаптарға сәйкес білімдiк программалар бойынша шеберлiк және дағды практикалық білімдi және теоретикалық білімдердi жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық деңгейде мемлекеттік қызметшiлердiң біліктілiк деңгейiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік ресурстарының мүмкiндiктерiне және қазiргi заманның экономикалық жағдайларына сәйкес, мемлекеттік қызметтiк талаптарына сәйкес келетiн сапалы оқыту жүйенi құру мен дамыту жолдарымен мемлекеттік қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 642 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi 2003 жылға арналған "Мемлекеттік сатып алудың мониторингiн жүргiзу және ақпараттық қамтамасыз ету" 033 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 19 312 мың теңге (он тоғыз миллион үш жүз он екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы ?кіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мекемелер үшiн мемлекеттік туралы хабарландыруларды және ақпараттық материалдарды ортақты, ақысыз баспаға шығару мемлекеттік сатып процесстiң жариялылығын және бюджеттік қаражатты үнемдеуге қамтамасыз етедi. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерiмен жүргiзiлетiн мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулар мен Мемлекеттік сатып алу жөніндегі бюллетеньдi шығару (формат А3-газет үлгiсi). ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік сатып алу процессiн әйгiлеуге қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды ортақты басылымға шығаруға және ақпараттық материалдарды уақытылы және сапалы қамтамасыз ету, бұл орайда мемлекеттік мекемелер үшін олар ақысыз негiзінде, мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлі акционерлік қоғамдар, сондай-ақ олармен қосылма заңды тұлғалар үшiн қазiргi уақыттағы бағалардан төмен көрсеткiшпен ақылы негiзiнде, қорытындысында осы бюджеттік бағдарламаны қабылдау бюджеттік қаражатты үнемдеудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 643 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi 2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнің ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу" 500 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 9 659 мың теңге (тоғыз миллион алты жүз елу тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Мемлекеттік сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, техникалық қолдану мен сүйемелдеу және байланыс арналарын ұйымдастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi сүйемелдеу, әкiмшілендiру және қолдау; есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарының, телекоммуникациялық желiнің, жүйенің жергiліктi есептеу желiлерiнің жүйелiк-техникалық қызмет көрсетуiн жүзеге асыру, есептеу желiнің ақпараттық қауіпсiздiгiн және ақпараттық қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жабық ақпаратты өңдеу кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнің Web-серверiн сүйемелдеу; есептеу құралдарды және жабдықтарды қоса бөлшектермен және шығыс материалдармен қамтамасыз ету, ақпаратты берудiң телекоммуникациялық қызмет көрсетудi, электрондық поштаны, Интернет желiсiмен телекоммуникациялық жабдықтаудың сатып алуды сапалы және уақытылы алу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің ақпараттық ресурстарына қашықтан реттелген және көпшілік қатынауды, мемлекеттік сатып алу мониторингі жүйеде ақпаратты берудің сапалы қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерде қолданбалы және жүйелі қамтамасыз етудің тиімді жұмысы, Web-сайттың жұмыс жасауы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 644 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi 2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің ақпараттық жүйелерiн құру" 600 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2 602 мың теңге (екi миллион алты жүз екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегi № 427 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік сатып алу мониторингiнің қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған ақпараттандыруды жүргiзу, сондай-ақ есептеу, коммуникациялық, желiлі жабдықтарды және ұйымдастыру техникасын, жүйелi бағдарламалық қамтамасыз етудi құралдармен уақытылы жаңғыртуды және жарақтандыруды қамтамасыз ету, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мониторингінің автоматтандырылған жүйелерді және мемлекеттік сатып алу есебiн әзiрлеу және дамыту, есептеу, жүйелiк жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын және ақпараттық-бағдарламалық құралдарын сатып алу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жаңа технологиялық шешімдер және құрал-сайман жабдықтар негiзiнде мемлекеттік сатып алу мониторингiн ақпараттандыруын қазiргi заман деңгейіне қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 645 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi 2003 жылға арналған "Электрондық саудалар, аукциондар және бәсекелiк саудалар жүйелерiн құру" 601 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 57 786 мың теңге (елу жетi миллион жетi жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: электрондық саудалар және электрондық қаржылар, электрондық бизнес жүргiзудi дамыту, online-режимде мемлекеттік сатып алу өрiсте қазiргi заманға сай ақпараттық технологияларды енгізу."Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық және жергiліктi бюджеттік әкiмшiлер ортасында мемлекеттік сатып алу өрiсте электрондық саудалар тетiгiн жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы бюджеттік бағдарламаны қабылдау мемлекеттік сатып алу процесстің барлық кезеңдерiнің айқындылығын, барлық ықтимал берушілер үшiн мемлекеттік сатып алу жүйенiң ашықтығын және қол жетiмдiлігі деңгейiн көтеруге, құжаттамалық айналымын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелердiң мұқтаждары үшін сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 5-10% мөлшерiнде бюджеттік ақша қаражатын үнемдеудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |