|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 538 қаулысына ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 681 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., 18, 193-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесінің атауындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесінің атауындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |