|
|
|
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және (2009.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8, 125, 142, 153, 165, 175, 182, 240-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар; 2) кеден қоймасының кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 3) бажсыз сауда дүкенiнiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 4) тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 5) тауарларды еркiн айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 6) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі (2-қосымша); ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен 6-2) тармақшамен толықтырылды 6-2) тауарлардың кері экспорты кедендiк режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi (3-қосымша); 7) еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулер; 8) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға арналған шектеулер бекiтілсін. ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 717 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды 1-1. Кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң, көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалданатын тауарлардың экспорты мен кейiннен темір жол көлігіне тиелетiн, су көлiгiмен тасымалданатын тауарлардың керi экспортын қоспағанда, тауарлардың керi экспортының кедендiк режимдерiне сәйкес қосымшаларға сай Қазақстан Республикасы өндiретiн ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасы
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тыйым салулар өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар 1. Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар
1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ және оның оқ-дәрiлерi, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар. ҚР Үкіметінің 2009.16.02. № 155 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерiне сәйкес әкелiнуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі үшін шетел компаниялары қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп жасайтын тауарларды «еркін қойма» кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі. 2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн. 3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 617 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Озонды бұзатын заттар
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 617 қаулысымен 3-2 тармағымен толықтырылды 3-2. Тауарлар, егер оларда 3-1-тармақта санамаланған озонды бұзатын затта болса,
Ескерту: Осы тармақта көрсетiлген тауарлар адамдардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не олардың қайта өңделген өнiмдерiн Қазақстан Республикасының Кеден кодексiнде белгiленген тәртiппен кедендiк режимдер шарттарына сәйкес керi әкелу туралы міндеттемелерiн орындау үшiн әкелiнуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2006.28.12. № 1301 қаулысымен 3-3 тармағымен толықтырылды 3-3. Рулі оң жақтан баскарылатын автокөлік құралдары. Ескертпе. Осы тармақ «тауарларды еркін айналыс үшін шығару» және «тауарлар мен көлік құралдарын уакытша әкелу» кедендік режимдерінде тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге қолданылады. ҚР Үкіметінің 2009.17.06. № 931 Қаулысымен 3-4-тармақпен толықтырылды 3-4. Жануарлар дүниесі объектілері, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер
Ескертпе. Осы тармақта көрсетілген тауарлар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаттарымен әкелінеді. Тыйым салулар осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу кезінде жеңілдік тәртібі көзделген жеке тұлғаларға қатысты «Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысында көзделген нормалардың шегінде қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар
4. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерiне сәйкес әкетiлуi мүмкiн. 5. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген заттар тек Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен берiлетiн Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң ерекше рұқсатымен ғана әкетiлуi мүмкiн. 6. Қызыл кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң өкiлдерi және киiк мүйiзi. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне және Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға сәйкес әкетiлуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2009.17.06. № 931 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды 6-1. Жануарлар дүниесі объектілері, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер
Ескертпе. Осы тармақта көрсетілген тауарлар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаттары бойынша әкетіледі. Тыйым салулар осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу кезінде жеңілдік тәртібі көзделген жеке тұлғаларға «Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысында көзделген нормалардың шегінде қолданылмайды. 7. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған құралдар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкету Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн. 8. Күшi жойылған бағалы қағаздар. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген
Кеден қоймасының кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi 1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi, әскери жабдықтар мен жарылғыш заттар. 2. Қару-жарақ, әскери техника, оларды өндiруге арналған арнайы жиынтық бұйымдар. 3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар. 4. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар. 5. Киiктердiң, маралдардың, теңбiл бұғылар мен үзбаралардың мүйiздерi, сондай-ақ теңбiл бұғының терiлерi. 6. Күшi жойылған бағалы қағаздар. 7. Қару-жарақ заттарын, оқ-дәрiлердi және ұшу аппараттарын дайындауға арналған станоктар мен машиналар. 8. Есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар. 9. Күштi әсер ететiн улар. 10. Радиоактивтi материалдар. 11. Шифрлар және шифрланатын (криптографиялық) құралдар. 12. Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге және ақпараттардың жария етiлуiнiң техникалық арналарын анықтауға арналған арнайы техникалық құралдар. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен Бекітілген
Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi 1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған керек-жарақтар. 2. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар. 3. Өндiрiстiк және әскери-техникалық мақсаттағы тауарлар. 4. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг-дан астам) және абажадай тауарлар (ұзындығы, енi және биіктігі бойынша өлшемдерiнiң жиынтығы 200 см-ден астам). 5. Спирттiң барлық түрлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1142 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
* Тауар номенклатурасы тауардың ҚР СЭҚ TH кодымен де, атауымен де айқындалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен Бекітілген Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудiң кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1142 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 343 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі ҚР Үкіметінің 28.07.04 ж. № 797; 03.11.04 ж. № 1142 (бұр. ред. қара); 2008.15.04. № 343 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |