|
|
|
Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестiру кеңесi туралы (ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 935; 23.02.04 ж. № 212; 01.09.04 ж. № 922 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007.21.12 № 1261 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 30, 265-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1-тармақтағы «құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекітілсiн» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: «құрылсын». 6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі»; 7, 8, 9, 12-тармақтарда: «Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздер «Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын"; 12-тармақтың "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 935 (бұр. ред. қара); 23.02.04 ж. № 212 қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен ереженің күші жойылды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |