|
|
|
Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 317 қаулысы (ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. N 935; 23.02.04 ж. N 212 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 1 қыркүйектегі N 922 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Туберкулез бен күрес жөнiнде республикалық үйлестiру кеңесiнің (бұдан әрi - Кеңес) құрамы; 2) Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн. 2. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1-тармақтағы "құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "құрылсын". 6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі"; 7, 8, 9, 12-тармақтарда: "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын"; 12-тармақтың "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 2 сәуiрдегі N 317 қаулысымен бекітiлген ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. N 935 (бұр. ред. қара); 23.02.04 ж. N 212 қаулыларымен құрам өзгертілді Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесінің құрамы Досқалиев - Қазақстан Республикасының Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi, төраға Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Сәуле Әлкейқызы Денсаулық сақтау вице-министрi, төрағаның орынбасары Рақышев - Қазақстан Республикасының Ғалымжан Боранқұлұлы Денсаулық сақтау министрлiгі Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры, хатшы Жағанова - Қазақстан Республикасының Көшi- Алтыншаш Қайыржанқызы қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң төрайымы Досжан - Қазақстан Республикасының Ардақ Дүкенбайұлы Ақпарат вице-министрі Қалетаев - Қазақстан Республикасының Дархан Аманұлы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша) Колос - Қазақ мемлекеттік медицина Анатолий Иванович академиясының фтизиатрия курсының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы Момынов - Қазақстан Республикасының Талғат Әшiрұлы Денсаулық сақтау министрлiгi С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң ректоры Мыңжанов Марат - Қазақстан Республикасының Ауыл Тұрсынайұлы шаруашылығы министрлігі Ветеринария департаментiнің директоры Тұтқышев - Қазақстан Республикасының Бексұлтан Серiкбайұлы Парламентi Сенатының депутаты (келiсiм бойынша) Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Абай Бөлекбайұлы министрiнің орынбасары Шамшидинова - Қазақстан Республикасының Бiлiм Күләш Ноғатайқызы және ғылым вице-министрi Цокт - Орталық Азия және Қазақстан Гомбо Гоарам республикаларында туберкулезбен күрес жөнiндегi ДДҰ-ның өңірлiк үйлестiрушiсi Өскембаев - Қазақстан Республикасының Iшкi Қажымұрат Бейiсұлы iстер вице-министрi Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Сабыржан Мәдиұлы вице-министрi Сұлтанғазин - Республикалық бюджеттiң Әнуарбек Жәлелұлы атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мүшесi (келiсiм бойынша Смағұлов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Нұрлан Рахманбергенұлы министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы Исаев - Қазақстан Республикасының Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы Азамат Рысқұлұлы вице-министрi Асатова - Қазақстан Республикасының Ақмарал Болатайқызы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi денсаулық сақтау секторының меңгерушiсi Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 317 қаулысымен бекiтiлген Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Кеңес өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары 3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi: 1) туберкулезге қарсы қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдiру; 2) республикада туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған iс-шараларды ұйымдастыру; 3) туберкулезбен күресуде заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады. 4. Кеңестiң оған жүктелген міндеттерiне сәйкес функциялары: 1) туберкулезбен күрес саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметін жетілдiру; 2) туберкулезбен күрестің негiзгi бағыттарын белгiлеу; 3) қоғамдық және халықаралық ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық; 4) туберкулездiң алдын алу бойынша ел халқының арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жақсарту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады. 3. Кеңестiң құқықтары 5. Кеңес: 1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 2) өңiрлердегi туберкулез бойынша ахуалды талдау үшiн мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілiгiне қарай тартуға; 3) Кеңес отырыстарында Кеңестiң құзырына енетiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға; 4) осы бағыттардағы жұмыстарды одан әрi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды мемлекеттік органдарға енгiзуге; 5) Кеңестің құзыретіне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 4. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру 6. Кеңес төрағасы Кеңестiң қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық жасайды, жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады. 7. Кеңестiң хатшысы Кеңес отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейiн хаттаманы ресiмдеудi жүзеге асырады. 8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Кеңестің жұмыс органы болып табылады. 9. Кеңес отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Кеңес хатшысы жүзеге асырады, ол барлық қажеттi материалдарды отырысқа дейiн кем дегенде 3 күн бұрын Кеңестің мүшелеріне жiбередi. 10. Кеңестiң отырысы қажеттілігіне қарай бiрақ жарты жылда кем дегенде бiр рет өткiзіледi. Отырыс Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды деп саналады. 11. Кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Кеңес мүшелерiнің жалпы санының басым дауысы берiлген болса, қабылданды деп саналады және Кеңес отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға шешушi дауысқа ие болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |