ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен 2011 жылы 1 қаңтардан бастап күшін жояды
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден (2005.25.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізу кезінде жолаушылардың кеден декларациясын ресімдеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 265, 379-баптарына сәйкес әзірленді және жолаушылардың кеден декларациясының нысаны мен оны толтырудың тәртібін айқындайды. 2. Жолаушылардың кеден декларациясын пайдалана отырып декларациялаудың тәртібі 2. Белгіленген нысандағы (1-қосымша) жолаушылардың кеден декларациясын толтыруды тауарларды өткізуші тұлға, не кәмелетке толмаған адамның атынан тауарды декларациялауға уәкілетті тұлға, сондай-ақ бірге алып жүретін жүкпен өткізілетін тауарларды декларациялауға арналған сенімхаты бар тұлға өз қолымен жүргізеді. 3. Жолаушылардың кеден декларациясы екі данада толтырылады. 4. Егер декларацияға жеке тұлғалар өткізетін барлық тауарлар туралы мәліметтер симаған жағдайда, онда декларацияның белгіленген нысандағы (2-қосымша) қосымша парақтары пайдаланылады. 5. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткізетін әрбір жеке тұлғаға жолаушылардың кеден декларациясын пайдалана отырып декларациялау мүмкіндігі берілуі тиіс. 6. Егер жолаушылардың кеден декларациясында оларға қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен жүк кедендік декларацияны қолдана отырып жалпы тәртіппен декларациялау көзделетін тауарлар туралы мәліметтер мәлімделсе, онда жолаушылар декларациясын толтыру тауарларды өткізуші тұлғаны мұндай декларациялау міндетінен босатпайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|