Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен
салықтарының төленуiн мiндетті түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетін тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 524 қаулысы
(2005.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 74-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2003 жылғы 4 маусымдағы
№ 524 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен
салықтарының төленуiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып,
өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесi
Р/с № | Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды |
1 | Уытты сыра | 220300 |
2 | Күшейтiлгендерiн қоса алғанда, табиғи жүзiм шарабы; 2009 тауарлық позицияда көрсетiлгеннен басқа жүзiм ашытқысы | 2204 |
3 | Вермуттар және өсiмдiктен жасалған немесе хош иiстi заттар қосылған өзге де табиғи жүзiм шараптары | 2205 |
4 | Өзге де ашытылған сусындар (мысалы, сидр, перри немесе алмұрт сидрi, бал сусыны); басқа жерде аталмаған немесе енгізiлмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалар және ашытылған сусындар мен алкогольсiз сусындардың қоспалары | 220600 |
5 | 80 об % немесе одан да көп спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi, этиль спиртi және өзге де денатуратталған, кез келген концентрациядағы спирттeр | 2207 |
6 | 80 об % кем спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi, спирт тұнбалар, ликерлар және өзге де спирт сусындары | 2208 |
7 | Сигарлар, ұштары кесiлген сигарлар, сигариллалар және 2402 90 000 0 қоспағанда, темекіден немесе оны ауыстырғыштардан жасалған сигареттер | 2402 |
8 | Құрамында кез келген пропорциядағы емекi ауыстырғыштары бар немесе жоқ, шегетiн темекi | 240310 |