|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы № 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы № 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы (2007.04.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 185 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 6, 59-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесінде: 7-тармақтағы «табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiкті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі аумақтық (уәкiлеттi) органдардың келісімi бойынша» деген сөздер «заңнамада белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) ҚР Үкіметінің 2007.04.04. № 262 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |