|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды;"; 2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Индустрия және сауда министрлiктерi осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген акционерлік қоғамдардың иеленуiнде қалған таза кірiстiң бiр бөлiгiн олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетiлдiруге жұмсауды қамтамасыз етсiн."; 3) көрсетiлген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының дивидендтерiн есептеу мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 19 тамыздағы № 828 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына 2-қосымша Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғам "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |