|
|
|
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесін бекіту туралы (2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 816 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 112-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекiтілген
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесi
1. Осы Ереже орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң (бұдан әрi - орман мекемелерi) қаражатын құрау және пайдалану тәртібін реттейдi. 1) жеке және заңды тұлғаларға: отырғызылатын материалдар өсiру мен орман тұқымдарын жинау; көгалдандыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер жасау; орман шаруашылығы саласында оқу практикасын өткізу, консультациялық және техникалық көмек көрсету жөнiнде ақылы қызметтер көрсетуден, оның iшiнде мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу жолымен; 2) ормандарды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта, оның iшiнде тұрғын халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткізуден қаражат түсiре алады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Орман мекемелерi жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн қызметтер үшiн төлемақы қарауында орман мекемелерi бар атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен белгілеген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады. 4. Күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта, оның iшiнде халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткізу нарықтық бағамен жүргiзіледi. 5. Орман мекемелерiнiң қаражаты мыналарға: 1) мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде орман шаруашылығының iс-шараларын жүргiзуге; 2) орман шаруашылығы жолдарының құрылысына және оларды ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға; 3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы жобалау-iздестiру жұмыстарына; 4) орман мекемелерiнiң орман шаруашылығы қызметiн қамтамасыз ету үшiн штаттан тыс маусымды жұмысшылардың, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыратын жұмысшылардың, сондай-ақ орман ресурстарын қайта өңдеудi жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметтер көрсетуiне ақы төлеуге; 5) байланыс құралдарын, көлiкті және жабдықтарды, өртке қарсы, ормандарды қорғауға және орман өсiруге арналған тетiктер мен материалдарды, орман өсiру жұмыстарына арналған тұқымдар мен отырғызылатын материалды, жанар-жағармайды, киiм-кешекті, қаруды және арнайы қорғау құралдарын сатып алуға; 6) орман ресурстарын қайта өңдеуге қажеттi жабдықтар мен тетiктердi сатып алуға; 7) ғимараттарды, құрылыстарды және орман мекемелерiнiң жұмыс істеуіне байланысты өзге де объектiлердi салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге; 8) орман және аңшылық шаруашылығы үшiн мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға; 9) еңбек көрсеткiштерi үшiн орман мекемелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеуге пайдаланылады. 6. Орман мекeмелерiнiң қаражатын алу мен пайдалану жөніндегi есептiлiктi жүргiзу заңнамада белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады. 7. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсіруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады. 8. Орман мекемелерi қаражатының құралуы мен пайдаланылуын, алынатын кiрiстердi есептеудiң толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қарауында орман мекемелерi бар атқарушы органдармен бiрлесiп белгіленген тәртiппен жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |