|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасы ?кіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 1-тармақта: Мыналар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесiнiң құрамына енгiзiлсiн: Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi, төрағаның орынбасары; Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, хатшы; Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Шәмшiдинова Күләш Ноғатайқызы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрi; Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi; Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi; Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi; Әшитов Батыржан Зайырқанұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi; Оразбаев Бірлік Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi; Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары; Өскембаев Қожамұрат Бейiсұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi; Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi; Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары; мына: "Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi, төрағаның орынбасары Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi, төраға Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірiншi вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi"; көрсетiлген құрамнан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов, Ерiк Мазанұлы Мусин, Арман Тергеуұлы Айдарханов, Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов, Ерiк Мылтықбайұлы Өтембаев, Олег Максимович Беспалько, Нұрша Кәкенұлы Кәкенов, Ғалым Iзбасарұлы Оразбақов, Олег Григорьевич Рябченко, Елена Леонидовна Бахмутова, Төлеухан Мұратханұлы Нұрқиянов, Иван Иванович Отто, Қайрат Айтмұхамбетұлы Нүрпейiсов, Наталья Артемовна Коржова шығарылсын; 2-тармақ алынып тасталсын; 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 қазандағы № 1045 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесi қызметiнiң мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) iс-шараларын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылды. 2. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 3. Үйлестiру кеңесi өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгі мiндеттерi мен функциялары 4. Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi: 1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау болып табылады. 5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Үйлестiру кеңесiнiң функциялары: 1) Бағдарламаның iс-шараларын орындау жөніндегі iстiң жай-күйiн талдау; 2) мынадай: халық денсаулығын сақтау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн жетiлдiру; денсаулық сақтау мәселелерi жөніндегі салааралық ынтымақтастықты үйлестірудi күшейту және реформалар мониторингi жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; 3) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi жөніндегі қоғамдық және халықаралық ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық саласында жәрдемдесу; 4) Бағдарламаны iске асыру барысы туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiн хабардар ету болып табылады. 6. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында: 1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға; 2) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдарды әзiрлеуге және ұсыныстарды енгiзуге; 3) Бағдарламаны iске асыруға қатысты мемлекеттік және басқа да органдар мен ұйымдардан материалдарды сұратуға және алуға; 4) мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерiн өз отырысына шақыруға және тыңдауға; 5) Бағдарламада көзделген iс-шараларды уақытылы орындау жөніндегі, сондай-ақ Бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз етпейтiн мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары және лауазымды адамдарының жауапкершiлiгiн белгiлеу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзуге; 6) өзiнiң құзыретiне жатқызылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 4. Үйлестiру кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру 7. Үйлестiру кеңесiнiң құрамы мемлекеттік органдардың өкiлдерiнен қалыптасады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітедi. 8. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. 9. Yйлестiру кеңесiнiң отырысын өткізу үшiн қажеттi материалдарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігi Үйлестiру кеңесiнің жұмыс органы болып табылады, бұл ретте барлық қажеттi материалдарды отырысқа дейiн кем дегенде үш күн бұрын Yйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi. 10. Үйлестiру кеңесiнiң отырысы қажеттiлiгiне қарай, бірақ жарты жылда кем дегенде бір рет өткiзiледi. Отырыс Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды деп есептеледi. 11. Үйлестіру кеңесiнiң шешiмi Үйлестіру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға берген дауыс шешушi болып табылады. 12. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |