|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық (2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1689 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегі үйлестіру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Кеңес құрамы; 2) Кеңес туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 14.07.04 ж. № 764 құрам өзгерді; 2005.22.04. № 377 (бұр. ред. қара); 2005.02.12. № 1184 ; 2007.31.05 № 442 (бұр.ред. қара); 2007.29.10. № 1006 (бұр.ред.қара);2008.31.12 № 1352 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгерді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Кеңес мүшелері:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) қызметiнiң мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негiздерiн айқындайды. 1. Жалпы ережелер 1. Үйлестiру кеңесi мемлекеттік органдар мен мемлекеттік даму институттарының индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру мәселелерi бойынша келісілген көзқарастарды, шешiмдердi және ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында құрылды. 2. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 3. Үйлестiру кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерi 4. Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар: 1) Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын (бұдан әрi - Стратегия) тиiмдi iске асыруға бағытталған экономика, ғылым, білім беру, өнеркәсiп, өндiрiстiк инфрақұрылым салаларында келісілген мемлекеттік саясатты қабылдау және iске асыру; 2) инвестициялық саясат мәселелеріндегі мемлекеттік даму институттарының келісілген iс-қимылдары; 3) Стратегияны iске асыруға бағытталған мемлекеттік органдар мен мемлекеттік даму институттарының келісілген iс-қимылдары бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады. 3. Үйлестiру кеңесiнiң функциялары 5. Үйлестiру кеңесi қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Стратегияны iске асыруға тiкелей немесе жанама әсер ететiн салаларда мемлекеттік саясатты iске асыруға тұжырымдамалық көзқарастар әзiрлейдi; 2) дамуы елдiң индустриялық-инновациялық тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсiптiң басым салалары мен секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi; 3) елдiң индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшiн iске асыруға қажетті iс-шаралар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi; 4) мемлекеттік даму институттарының келісілген инвестициялық саясатын қамтамасыз ету, олардың арасында тиімдi ақпарат алмасу мен инвестициялық және инновациялық жобаларды бiрлесiп iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi; 5) Стратегияны өңiрлiк деңгейде iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi. ҚР Үкіметінің 2005.02.12. № 1184 қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) инвестициялық ахуалды жетілдіру және ел экономикасының шикізат емес секторына тікелей шетел инвестицияларын тарту жөніндегі жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
4. Үйлестiру кеңесiнiң құқықтары 6. Үйлестiру кеңесiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде: 1) Стратегияны iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзуге; 2) өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға құқығы бар. 7. Үйлестiру кеңесiнiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi. 8. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды. 9. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы жоқ болғанда отырыс Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы орынбасарларының бiрiнiң төрағалық етуiмен өткiзiледi. 10. Үйлестiру кеңесiнiң кезектi отырысының күн тәртібін оның төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып жасайды. 11. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары қажеттiлiгіне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. 12. Отырыс Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқанда заңды болып есептеледi. 13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады. 14. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi төраға немесе отырыста төрағалық еткен оның орынбасарларының бiрi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |