|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. 412-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 412-қосымша 637 - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 74091 мың теңге (жетпiс төрт миллион тоқсан бiр мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын, мүшелерiн және оның аппаратын ұстау. Өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлігін жетiлдiру мақсатында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы оқу бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, дағдысы мен машығын жаңғырту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына, мүшелерiне және оның аппаратына жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi атқарылуына қол жеткiзу мақсатында олардың қызметiн қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне бір мезгiлде ену, локальдi мiндеттердi сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң есептеу техникасына ақпараттық-техникалық қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн материалдық-техникалық және бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 23.11.04 ж. № 197ц қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: аппаратқа жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақытылы орындалуы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуi. Қазiргі кезеңдегi экономикалық талаптарға сәйкес, кәсiби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |