|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 372, 373, 374, 375-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 372-қосымша 606 - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Статистика саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 1338114 мың теңге (бiр миллиард үш жүз отыз сегiз миллион бiр жүз он төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiктiң мәселелерi, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорындар құру мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 мамырдағы № 577 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi № 910 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң негiзгi құрал-жабдықтары (активтерi) бойынша тозудың жылдық мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1308 қаулысы; "Смета бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: - жүктелген функцияларын барынша тиiмді орындауға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету; - статистиктердiң ауылдық округтерде бастапқы сенiмдi статистикалық есептiлiктi жинауы; - өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындауға және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiруге қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласында оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімiн, iскерлiгi мен дағдысын жаңарту; - статистика органдары ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу және үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, статистикалық есептiлiктi өңдеу мерзiмдерiн қысқарту, өңделетiн ақпарат көлемiн ұлғайту; - Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық статистика органдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: - Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң орталық органы мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң аппараттарын ұстау, бастапқы мемлекеттік статистикалық есептiлiктiң сенiмдiлiгiн арттыру, iрiктеп зерттеулер жүргiзу әдіснамаларын енгізу; - мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру; - Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу, Агенттiктiң барлық құрылымдық бөлiмшелерінде, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдарда жергiлiктi есептеу желiсiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; есептеу техникасының барлық құрал-жабдықтарын орнату және техникалық қызмет көрсету; телекоммуникациялық арналар бойынша статистикалық деректердi қабылдауды және жiберудi қамтамасыз ету, СТжСО-ға деректер жiберудi қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi аумақтық органдарының әкiмшiлiк үйлерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiне жүктелген функциялардың сапалы және уақытында орындалуы, қазiргі заманғы экономикалық жағдайлар мен мемлекеттік кәсiби қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк деңгейін көтеру, статистика органдары ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін сапалы және уақтылы қамтамасыз ету. Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 373-қосымша 606 - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасын құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 1199966 мың теңге (бip миллиард бip жүз тоқсан тоғыз жүз алпыс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 мамырдағы № 577 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi № 910 қаулысы; "Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық, экологиялық дамуы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базаларын құру және осы деректер негiзiнде пайдаланушыларды жедел әрi сенiмдi статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: статистикалық есептiлiк және сұрақтама бланкiлерiн дайындау, көбейту және тарату, статистикалық есептiлiктi электрондық тасымалдаушыларға енгізу, статистикалық деректердi өңiрлiк және республикалық деңгейде өңдеу, сапасын бақылау және жiберу; ақпараттық-статистикалық деректер базасын қалыптастыру; дайындалған ақпаратты алу; оны Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес электрондық түрде және жарияланым түрiнде немесе электрондық тасымалдаушылармен тарату. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |