|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 418, 419-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197е қаулысымен 2-тармақ толықтырылды Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 418-қосымша 690 - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Сайлау өткізудi ұйымдастыру" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 1660568 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс миллион бес жүз алпыс сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 21, 22, 23, 24 және 25-баптары, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, Қазақстан Республикасының " 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы" 1998 жылғы 29 қазандағы № 1108 қаулысы, Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткізудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 69-ө өкімі 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының, жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруына қол жеткізуi үшiн, қызметiн қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердiң, қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiктерiн жетiлдiру үшiн кәсiби қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша біліктiлiгiн көтеру, теориялық және практикалық білімдерiн, икемдiлiгi мен ептiлiгiн жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратын қамту, Парламент депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының сайлауларын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыру, комиссияны материалдық-техникалық жарақтандыру,оқулық семинар өткізу, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн көтеру. ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197е қаулысымен жоспар толықтырылды 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Орталық сайлау комиссиясына жүктелген мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау, мемлекеттік қызметшiлердiң, осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай біліктiлiк деңгейiн көтеру. Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 419 - қосымша 690 - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 1913200 мың теңге (6ip миллиард тоғыз жүз он үш миллион екi жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сайлау үдерiсiн жетiлдiру, сайлауды өткізудiң мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында "Сайлау" автоматты ақпараттық жүйесiн жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Сайлау" автоматты ақпараттық жүйесiн жасау, ендiру және техникалық жабдықтау. ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197е; 2004.24.12. № 197ат қаулыларымен өзгерді және толықтырылды 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Сайлауларды ұйымдастыру және өткізу үрдісін автоматтандыру, олардың мөлдірлігін және бақылауына қол жеткізу, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |