|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 324-қосымша 236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Ақпарат саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 229022 мың теңге (екі жүз жиырма тоғыз миллион жиырма екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3, 21-25-баптары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 929 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасы бiртұтас ақпараттық кеңiстiгiнiң тұжырымдамасы және оны iске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі, оның аумақтық бөлiмшелерi өздерiне жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу мақсатымен олардың қызметiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне ақпараттық техникалық қызмет көрсету, өздерiнiң лауазымдық мiндеттемелерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiктерiн жетiлдiру үшін ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсiби қызметi саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, iскерлiктерi мен дағдыларын жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң орталық аппаратын, оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктіліктерiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы, қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру. Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 325-қосымша 236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 18159 мың теңге (он сегiз миллион бiр жүз елу тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 270 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс бойынша шетелде басылған құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негiзінде баспа басылымдары қорының сақталуын қамтамасыз ету, жетiспейтiн басылымдармен толықтыру, Мемлекеттік библиографияның республикалық ғылыми орталығының, баспасөз статистикасының, орталықтандырылған каталогтандырудың, барлық баспасөз шығармаларын есепке алу және ғылыми өңдеудің сақталуын қамтамасыз ету, (ISВN) халықаралық стандарт бойынша кiтаптарды және (ISSN) сериялық басылымдарды нөмірлеуді қолдану. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғылыми-библиографиялық орталықты қамтамасыз ету; республикада барлық тiлдерде шыққан жарияланымдардың негiзгiлерiне библиографиялық өңдеудi жүзеге асыру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын тiркеу, бақылау және ғылыми өңдеуді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасындағы баспасөздiң дамуы жөнiнде статистикалық жинақтар дайындау; елдiң баспасөз өнiмдерi туралы ақпаратпен жоғарыдағы құзырлы мекемелердi, республикалық ұйымдарды, кiтапханаларды, сондай-ақ, жеке адамдарды қамтамасыз ету; республикада 1917 жылдан бергі кезеңде барлық тiлдерде жарық көрген жарияланымдарды жинақтайтын каталог пен карточкалар жүйесiн енгізу; Қазақстан Республикасы туралы шетелдерде жарық көрген материалдарды жинауға арналған айырбас қорын құру; ТМД республикалары туралы Қазақстанда жарияланған мақалаларды табу мен тiркеуге библиографиялық сипаттама беру және жүйелендiру, библиографиялық сипаттамасы бар карточкаларды басқа кiтап палаталарына беру; баспалар мен басып шығарушы ұйымдарда МЕМСТ және басқа нормативтiк-регламенттеушi құжаттар талаптарының орындалуын қадағалау, басылымды рәсiмдеуде дәрiгерлiк-кеңестiк қызмет көрсету; (ISBN) халықаралық стандарт бойынша кiтаптарды және (ISSN) сериялық басылымдарды нөмiрлеу қызметтерiн атқару; саланың материалдық-техникалық базасын дамыту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: баспа басылымдары қоры құжаттарының бүтiндiгiн, жиынтығын, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етуге қажеттi жағдайларға қол жеткізу, Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасының материалдық-техникалық базасын жаңарту. Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 326-қосымша 236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргiзу" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 6907831 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз жетi миллион сегiз жүз отыз бiр мың теңге). ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы; "Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексi; "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңы; "2004 жылғы арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Тiлдердi қолдану және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекетаралық "Миp" телеpадиокомпаниясының қызметiн тәуелсiз және кедергiсiз жүргiзудiң халықаралық-құқықтық кепiлдiгi туралы Келісімiнiң ратификациясы туралы" 1995 жылғы 4 қыркүйектегi № 2452 Жарлығы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы", Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 478 қаулысы. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысымен бекітілген 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 36-тармағы; "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 3.2.3., 5.4.3., 6.1.7.-тармақшалары; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесi мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 3.7-тармағы; "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 30 қазандағы № 1380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдарға арналған демографиялық даму бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 3.4 және 4.2-тармақтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысымен бекітілген Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасының 5.2-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысымен бекітілген 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күрестiң басымдық iс-шаралары жоспарының 1.7-тармағы; "Телерадио хабарларын таратудың ұлттық спутниктiк жүйесi және мәлiметтердi беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттер басшыларының "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясын құру туралы" 1992 жылғы 9 қазандағы Шешiмi; Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттер Үкiметтерiнiң "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы шешiмi; қатысушы-мемлекеттердiң "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қызметiн тәуелсiз және кедергiсiз жүргiзудiң халықаралық-құқықтық кепiлдiгi туралы" 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Келісімi. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегi әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың iске асырылуы барысы туралы халықтың хабардар болу дәрежесiн көтеру; жүргiзіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру; отандық мерзiмдiк басылымдарды дамыту және жетiлдiру; аудиторияның жоғары сапалы теледидар және радио бағдарламаларға деген сұранысын қанағаттандыру (ақпараттық, талдау, білім беретiн, танымдық, мәдени, көңiл көтеретiн және басқа); мемлекеттік тiлде жоғары сапалы ақпараттық өнiмдер жасауды қамтамасыз ету; жұртшылықтың салық заңнамасы туралы хабарлануын арттыру. Қазақстанның ақпараттық егемендігін, елiмiздiң телекоммуникациялық инфрақұрылымын қатар дамыту және қазiргi заманғы әлемдiк технологияларды тартуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн байланыстың спутниктiк каналдары негiзiнде транспондердi жалға алу арқылы телерадио бағдарламаларын таратудың қазiргi заманғы жүйесiн құру. Тәуелсiз мемлекеттер достастығының (бұдан әрi - ТМД) ортақ ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру, ТМД-нiң ақпараттық кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасының оң бейнесiн қалыптастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: елде жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформаларды белсендi ақпараттық-насихаттық қолдауға бағытталған жарияланымдарды дайындау және тарату; жүргiзiп отырған саясаттарын ақпараттық-насихаттық қолдау арқылы мемлекеттік билiк органдарының жағымды бейнесiн қалыптастыру; ұлтаралық бейбiтшiлiк пен келісімдi, конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әрiптестiк принциптерiн қолдау және насихаттау; қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру, республика халқының азаматтық сәйкестiгiн нығайту; мемлекет басшысының "2004 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" 2003 жылғы 4 сәуiрдегі Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимылын, Ауылды қолдау жылын өткізу жөніндегі iс-шараларды ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету; ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлық және есiрткi бизнесiмен күрестi қолдау; кiшi және орта кәсiпкерлiктi дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету; елдiң iшкi және сыртқы өмiрiнiң негiзгi оқиғалары туралы шыншыл, жедел ақпаратпен қамтамасыз ету; газеттер мен журналдарға жазылуды және жеке таратуды ұйымдастыру арқылы халықты мерзiмдi баспасөзбен неғұрлым мол қамтуға қол жеткізу; телевизияның ұлттық спутниктiк жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету (ТҰСЖ) "Хабар", "Ел Арна", "Caspionet", "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы, "Бiрiншi арна - Евразия", тәуелсiз электронды БАҚ-тар және Қазақ радиосы телерадиоарналарына мемлекеттік тапсырыс бағдарламаларының тоқтаусыз таратылуы; республиканың гүлденуi мен нақты егемендiкке қол жеткізуiне, әлеуметтiк серiктестiк принциптеріндегі ұлтаралық келісімнiң әлеуметтiк бейбiтшiлiгiн қолдауға бағытталған теле және радио бағдарламаларын шығару және тарату; елiмiзде және әлемде болып жатқан негiзгi оқиғалар туралы тұтынушыға жедел, анық ақпарат жеткізу; мемлекеттік тiлде жоғары сапалы теле және радио бағдарламаларды өндiру; электрондық БАҚ-тарда мемлекеттік тiлдi қолдану мен дамытуды қолдау; заңнаманың орындалуына елiмiздiң теле және радио компанияларының ықпал етуi; мемлекеттік тiлде жоғары сапалы деректi фильмдер шығару; саланы қаржыландыру үшiн қолайлы жағдай жасау және тиiмдi өндiрiстiк-техникалық база жасау; телекөрермендер мен радиотыңдаушылардың басқа елдер, оның iшiнде ТМД халықтарының өмiрi, ТМД және әлем халықтарының өзара түсiнiстiгi және жақындасуы туралы рухани қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн сыртқы ақпараттық нарықта қызметтi, Қазақстан және ТМД елдерi телерадиокомпанияларының Қазақстан туралы теле және радио бағдарламалар дайындауын, ТМД елдерiнде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы күнделiктi сюжеттердi қамтамасыз ету, салық заңнамасын насихаттау. ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |