|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 392, 393, 394, 395, 396, 397-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 392-қосымша 614 - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 506678 мың теңге (бес жүз алты миллион алты жүз жетпiс сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 14-бабы; 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 қарашадағы № 1776 "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiнiң және оның аумақтық органдарының қызметтерiн, оларға жүктелген функцияларды барынша нәтижелi орындауына жету үшiн қамтамасыз ету. Кәсiптiк қызмет саласында оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызметкерлердiң теоретикалық және тәжiрибелiк білімдерiн, шеберлiктерiн және біліктіліктерiн жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң орталық аппаратын және оның аумақтық органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби біліктілігiн көтеру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттiгiне жүктелген функцияларды сапалы және өз уақытында орындау, еңбек жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн көтеру. Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 393-қосымша 614 - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1077796 мың теңге (бip миллиард жетпіс жетi миллион жетi жүз тоқсан алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 163-бабы; Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 "Қазақстан Республикасы 2004-2010 жылдарға арналған ауыл аумақтарын дамыту Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды өткізудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" 1997 жылғы 5 маусымдағы № 931 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауыл аумақтарын дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар Жоспары туралы" 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 19 қыркүйектегi № 956 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудің Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 20 қыркүйектегi № 958 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында жерлердi тиiмдi пайдалану. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Жерге орналастыруды өткізу, жер кадастрын, жер мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ жер нарығын дамыту үшiн жағдай жасау, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауылды аумақтарды жобалау мен ұйымдастырудың схемаларын әзiрлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ауылдық елдi мекендердiң аумағында жер-шаруашылық құрылымының 143 жобасын құрастыру, 160 аудандардағы елдi мекендердiң регионалдық ұйымдастыру және жобалау схемасын әзiрлеу, жер кадастрын әрi қарай жетiлдiру және жаңалау, ауыл аумақтарын дамыту аясындағы iс-шараларды қамтамасыз ету, шаруа қожалықтарын және ауылшаруашылық кәсіпорындарын жер учаскелерi паспорттарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық алаптардың сапасы, пайдаланылуы, жағдайы, кадастрлық бағалауын өткізу туралы анық ақпараттарды алу. Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 394-қосымша 614 - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандыpылған ақпараттық жүйесiн құру" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 420582 мың теңге (төрт жүз жиырма миллион бес жүз сексен екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы жер кодексiнiң 4, 139, 152, 157, 158, 159-баптары; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы "Информатизация жөніндегі" заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электронды құжат және электронды цифрлы қол қою жөніндегі" заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жер кадастpын жүргiзу Ережелерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасының табиғи объектiлерiнiң мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiн құру туралы" 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Ақпараттық жүйенiң Салық төлеушілер мен салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнiң жоспары туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жер қатынастары саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты өткізудi ақпараттық қолдау үшiн мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн әзiрлеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру және енгізу, мемлекеттік жер кадастрын техникалық қамтамасыз ету, кадастрлық мамандарды жалпы жүйелiк бағдарлама өнiмдерiне оқыту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің бағдарламалық-техникалық кешендерімен 182 аудандық және қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттерді жабдықтау, Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiнiң негiзгi жүйе бөлiгiн құру (жүйе бөлiктер - "Жердi пайдаланудың мемлекеттік бақылауы", "Ақпараттарды сақтау", "WEB-портал базасында кадастрлық мамандарды оқыту). Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 395-қосымша 614 - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi және олардың сақталуын қамтамасыз ету" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 377628 мың теңге (үш жүз жетпiс жетi миллион алты жүз жиырма сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архивтер қоры және архивтер туралы" заңы; 2002 жылғы 3 шiлдедегi "Геодезия және картография туралы" заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң күшi бар Жарлығы; 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 "2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың Тiзбесiн бекіту туралы" 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1273 қаулысы; "2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасын iске асыру бойынша 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар Жоспары туралы" 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік органдарды, делимитациялық және демаркациялық жұмыстарды, әр-түрлi ведомстволарды және тұрғындарды топографиялық-геодезиялық және картографиялық материалдармен, сондай-ақ ауылды елдi мекендердi картографиялық материалдармен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Жалпы мемлекеттік және салааралық маңызы бар, соның iшiнде геоақпараттық жүйелер негiзiнде геодезиялық және картографиялық өнiмдер жасау, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық және картографиялық өндiрiс құжаттары мен материалдарын мемлекеттік есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |