|
|
|
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi туралы (2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттік саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсiн. 3. Мыналардың: 1) «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысының; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.12.07. № 723 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 542 (бұр. ред. қара); 2007.16.03. № 202 (бұр. ред. қара); 2007.22.10. № 985 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.10.09. № 922 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 910 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 316 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесінің
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Стратегиялық жоспарлау және мониторинг департаментінің директоры, хатшы
Кеңес мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы Астана қаласының әкімі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы (келісім бойынша) «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына көмектесу» орталығының директоры (келісім бойынша) «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері форумының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының төрағасы (келісім бойынша) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы Энергетика және қоршаған орта мен су ресурстары департаментінің басшысы (келісім бойынша) Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі (келісім бойынша) Орнықты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Орнықты өндіріс пен тұтыну орталығының президенті (келісім бойынша) Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Yкіметінiң 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөніндегі кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады. 2. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты орнықты даму және мемлекеттік органдардың, жеке сектордың және қоғамдық ұйымдардың сектораралық ынтымақтастығы негiзiнде орнықты даму жөніндегі Дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн орындау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық секторларының ықпалдасуына жәрдемдесу болып табылады. 3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентінің кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Кеңестiң мiндеттерi: 1) орнықты даму мақсатына қол жеткізу жөнiнде елдiң және халықаралық қауымдастықтың күш-жiгерiн шоғырландыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық саясатының ықпалдасуына жәрдемдесу; 2) орнықты даму қағидаттарының стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқаруға ықпалдасуына жәрдемдесу; 3) орнықты даму саласындағы шешiмдердi орындау, сондай-ақ орнықты дамудың мемлекеттік, салалық бағдарламаларын, аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның мүдделi топтарының қызметiне жәрдемдесу; 4) орнықты дамудың институционалдық құрылымдарының қызметiне жәрдемдесу; 5) ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму саласында Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу болып табылады. 5. Кеңес функциялары мынадай бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады: 1) өндiріс пен тұтынудың орнықты модельдерiн енгізу; 2) шөлейттенуге қарсы күрес; 3) экологиялық және гендерлік аспектiлердi ескере отырып, кедейлiкке қарсы күрес; 4) биологиялық әртүрлiлiктi және мәдени мұраны сақтау; 5) орнықты көлiк жүйелерiн дамыту; 6) шығарындыларды, оның iшiнде парник газдары мен озон бүлдiретiн заттарды азайту; 7) ауыз суға қол жеткізу, трансшекаралық, оның iшiнде су проблемаларын шешу; 8) жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану; 9) энергия тиiмділiгi және энергия үнемдеу; 10) радиациялық және химиялық қауiпсiздiк әрi қалдықтарды басқару; 11) халықтың денсаулығына экологиялық қатерлердiң алдын алу және азайту; 12) жаһандану және сауда; 13) орнықты даму жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу, білім беру және ақпараттық инфрақұрылым; 14) орнықты дамудың өңірлік проблемалары. Орнықты даму мәселелерi жөніндегі мемлекеттік органдар мен жұртшылықты хабардар ету. Орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп берудi дайындау және оны жариялау. Орнықты даму мақсатына қол жеткізу жөнiнде Қазақстанның прогресi туралы халықаралық ұйымдарға ақпарат беру. Орнықты дамуға көшу жөніндегі прогресс мониторингi және бағалау әрi орнықты даму көрсеткiштерi мен индикаторларын әзiрлеу және енгізу жөніндегі ұсыныстарды енгізу. Орнықты дамудың аумақтық және салалық жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму жөніндегі модельдiк жобаларды әзiрлеуге жәрдемдесу. 6. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, оның мүшелерi мен хатшысының құрамында қалыптастырылады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Кеңес мүшелерi мемлекеттік органдар басшылары мен өкiлдерiнен тағайындалады. Кеңес құрамына келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, ғылыми, үкiметтiк емес, жеке және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар енгiзiледi. Кеңестің лауазымдық құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 1) Кеңестiң қызметiне оның отырыстарының аралығында жетекшiлiк жасайды; 2) Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда, оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес төрағасы орынбасарларының бiрi төрағалық етедi; 3) Кеңестiң отырыстарында қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 4) әртүрлi кеңестерде, кездесулерде және халықаралық форумдарда Кеңестi бiлдiредi; 5) ҚР Үкіметінің 2005.12.07. № 723 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiмен және тапсырмаларымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 9. Кеңес мүшелері ұсыныстар енгiзедi, ақпарат және басқа да материалдарды бередi, күн тәртiбіндегі мәселелердi және оның отырыстары шешімдерiнiң жобаларын талқылауға қатысады. Кеңес мүшелерi өзiнiң отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Кеңес хатшысы: 1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi; 2) ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін хаттама ресімдейді. 4) Кеңес мүшелерiн және халықаралық ұйымдардан шақырылған өкілдерді Кеңестiң кезектi отырысын өткізу орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабарландырады, оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi; 5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiсiн өз қолымен куәландырады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Кеңес отырысы қажеттілігіне қарай тоқсанына бір реттен сиретпей Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімде өткізіледі. Кеңес отырысында орнықты даму бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау туралы есептер тыңдалады және Кеңес қызметінің қорытындысы және нәтижелері қорытылады. Кеңес отырыстарда күн тәртібіне сәйкес есептерді қарайды және барлық қойылған мәселе бойынша арнаулы шешімдер шығарады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс. Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді. Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді. 13. Кеңес өз құзыретi шегінде: 1) орнықты даму мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізуге; 2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға; 3) консультациялар мен ақпаратты беру үшiн сарапшыларды тартуға, орнықты даму мәселелерi жөніндегі жұмыстарды қарау және орындау үшiн жедел жұмыс топтарын құру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге, халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен бақылаушыларды шақыруға; 4) орнықты даму жөніндегі аумақтық кеңестердi құруға жәрдемдесуге, жұмыс туралы ақпаратты сұратуға, нәтижелердi қорытуға және орнықты даму жөніндегі аумақтық кеңестер мен өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарының қызметiн жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды енгізуге құқылы. 5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 15-тармақпен толықтырылды 15. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |