|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235 247, 248, 249, 250-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 220-қосымша ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 197ч қаулысымен 220-қосымша өзгертілді 226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Денсаулық сақтау саласында уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 677664 мың теңге (алты жүз жетпiс жетi миллион алты жүз алпыс төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 12-бабы; "Ecipткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 7-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын, бюрократизммен күрестi және құжат айналымын қысқартуды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы № 705 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік қызметтi өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы; "Мемлекеттік қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдiру жөніндегi одан арғы шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын іcкe асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялауды жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "ҚР Президентінiң мемлекеттік қызмет мәселесі жөніндегі кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 1071 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 736 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымдарын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы 2001 жылғы 16 мамырдағы № 573 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысы, "Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "2000-2009 жылдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 790 қаулысы; "Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесiн жарияландыруды жетiлдiру тұжырымдасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 13 шiлдедегі № 773 қаулысы; "Қазақстан Республикасының дәрiлік саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы № 584 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 cәуipдeгi № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Медициналық және дәрігерлік қызметтi лицензиялау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулысы, "Дәрiлiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметті лицензиялау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерiнiң iс-қызметiн қамтамасыз ету; ұсынылған біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби білімдерi мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; халыққа медициналық қызмет көрсетудi басқаруды жетiлдiру; көп деңгейлi денсаулық сақтау жүйесiн қалыптастыру, бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешiмдердi қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық шағын жүйелердiң функциясын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң материалдық-техникалық базасын нығайту. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау; мемлекеттік қызметкерлердiң біліктілігiн арттыру; денсаулық сақтау жүйесiнiң нормалары мен нормативтерiн әзiрлеу; медициналық, дәрiгерлiк, фармацевтикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы қызметтердi, дезинфекция қызметiн, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың айналымына байланысты қызметтердi лицензиялау; Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесiнiң есептеу техникаларын, локальды есептеуiш желiлерiн жүйелiк және техникалық қызметпен қамтамасыз ету, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымы жүйесiнiң (бұдан әpi - ДДҰ) Еуропалық өңiрлiк бюросымен және басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпарат алмасуды қолдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және оған күрделi жөндеу жүргізу, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес iшкi байланысты жақсарту; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарын есептеуiш техникамен қамтамасыз ету техникамен қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 16.11.04 ж. № 197ч қаулыларымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |