Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 Бұйрығымен күші жойылды
Орыс тіліндегі мәтін ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
«Келісілген» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2004 жылғы 16 тамыз «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесі бекітілсін. 2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары осы бұйрыққа сәйкес психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді және сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін арнайы медициналық комиссияның қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден кейін оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Министрдің м.а. Денсаулық сақтау министрінің «Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 тамыздағы № 618 бұйрығымен бекітілген Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|