|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 931 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 284-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртібінде: 2-тармақта "банктік және сақтандыру қызметінiң" деген сөздер "банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақта "алым" деген сөз "лицензиялық алым" деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақтың 1) тармақшасында: төртiншi абзацта мемлекеттік тiлдeгі мәтiнiнде "куәлiгi мен еңбек кiтапшасының (еңбек келісімiнiң)" деген сөздер "куәлiгiнiң" деген сөзбен "ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "еңбек кiтапшасының (еңбек келісімiнiң) нотариалдық расталған көшiрмесi;"; 22-тармақ 2) тармақшадағы "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын: "3) Лицензиат осы лицензияланатын қызметтің түрi үшiн көрсетiлген талаптарды орындамаған; 4) Лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген"; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: "23-1. Лицензиатқа қойылатын талаптар: 1) жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Лицензиарға осы Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша дайындалатын аудиторлық қызметке қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерді беру; 2) лицензияның жоғалғандығы туралы хабарлау; 3) заңды тұлғаны қайта тiркеген, Жарғысын, мекен-жайын, банктiк деректемелерiн өзгерткен, басшысын, құрылтайшыларды, аудиторларды ауыстырған кезде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға бiр ай мерзiмде жазбаша хабарлау; 4) лицензияланатын қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде Лицензиарға лицензияның түпнұсқасын он күн мерзiмде қайтару; 5) Лицензиар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды жою."; 25-тармақтың 1) тармақшасы "саны" деген сөзден кейiн "осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы "Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау" деген бөлiммен толықтырылсын: "Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау 25-1. Лицензиаттың аудиторлық қызметiн және Лицензиаттың осы Тәртiптi сақтауын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады. 25-2. Бiлiктiлiк талаптарының және белгіленген Тәртiптiң сақталуын тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргізілмейдi. Жоспардан тыс тексерулер шағымдарға, мәлiмдемелерге, өтiнiштерге дереу ден қоюды талап ететiн жағдайларда жүргiзіледi. Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру актісі жасалады. Тексеру актiсiнiң негізiнде бұзушылықтарды көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда, Лицензиар лицензияны заңнамада белгіленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда Лицензиарды хабардар етеді."; осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Тәртiпке 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi № 958 қаулысына 1-қосымша Аудиторлық қызметтi лицензиялау тәртібіне 1-қосымша Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi 200__ жыл үшiн Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________ Лицензияның сериясы, нөмiрi және берiлген күнi ___________________ __________________________________________________________________ Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________ Iс жүзiндегi мекен-жайы, телефоны ________________________________ Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң сериясы, нөмiрi, берілген күнi ___________________________________ __________________________________________________________________ CTH ______________________________________________________________ Ұйымның басшысы __________________________________________________ __________________________________________________________________ (Аудитордың аты-жөні, біліктілік куәлiгінiң нөмiрi мен берілген күнi) __________________________________________________________________ (Экономикалық, қаржы, есепке алу-талдамалық, бақылау-тексеру __________________________________________________________________ немесе құқықтық салаларда жұмыс тәжiрибесiнiң немесе көрсетілген __________________________________________________________________ салаларда практикалық жұмысы стажы болған кезде жоғары оқу __________________________________________________________________ орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша __________________________________________________________________ ғылыми-оқытушылық қызметінің болуы) Әкiмшiлiк жазаларының болуы ______________________________________ __________________________________________________________________ (жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды) Аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілi аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес
Есепті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы ┌─────────────────────────────────────────────────────────────────┐ │Құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер|Қызмет түрлерінің өзгеруі │ ├─────────────────────────────────────────────────────────────────┤ ├──────────────────────────┬───┬──────────────────────────┬───────┤ │ Иә (қандай өзгерістер │Жоқ│ Иә (қандай өзгерістер │Жоқ │ │және енгізу күнiн көрсету)│ │және енгізу күнiн көрсету)│ │ ├──────────────────────────┼───┼──────────────────────────┼───────┤ └──────────────────────────┴───┴──────────────────────────┴───────┘ Ұйымның сандық құрамы: ┌──────────────────────────────┬──────────────────────────────────┐ │ Қызметкерлердiң жалпы саны │ Оның iшiнде, штатта тұрмайтындар │ ├──────────────┬───────────────┼────────────────┬─────────────────┤ │Есептi кезеңде│Өткен жыл үшiн │ Есептi кезеңде │ Өткен жыл үшiн │ └──────────────┴───────────────┴────────────────┴─────────────────┘ Ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторлар:
Басшы ____________ _____________________ Қолы (аты-жөнi) M.O. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi № 958 қаулысына 2-қосымша Аудиторлық қызметтi лицензиялау тәртібіне 2-қосымша Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерi 200__жыл үшiн І. Жалпы мәлiметтер Аудитордың аты-жөнi ______________________________________________ Лицензияның нөмiрi және берілген күнi ____________________________ "аудитор" біліктiлiк куәлігінiң нөмiрi және берілген күнi ________ Жеке кәсiпкердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi, сериясы, берiлген күнi ___________________________________________ CTH ______________________________________________________________ Үйiнiң мекен-жайы, телефоны ______________________________________ "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазаларының болуы _________________________________ (жазаны қашан, не үшiн және қандай орган қолданды) Аудиторлық ұйымдардың жарғылық капиталына құрылтайшы ретiнде қатысуы:
Жұмыс орны _______________________________________________________ (лауазымы, ұйымның атауы) __________________________________________________________________ Аудитор ___________________ _________________________ Қолы (аты-жөнi) M.O.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |