|
|
|
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым (2013.23.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 254 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 254 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінiң 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 254 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу (бұдан әрі - шектеулер мен тыйым салулар) тәртібін айқындайды. 2. Шектеулер мен тыйым салулар жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау және өсімін молайту мақсатында белгіленеді. 3. Шектеулер мен тыйым салулар жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау мақсатында олардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді. 4. Шектеулер мен тыйым салулар: 1) аумақ бойынша: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, өңіраралық, бассейндік деңгейде, жекелеген аумақтық әкімшілік бірліктердің немесе олардың бір бөліктерінің шекараларында, сондай-ақ жекелеген аңшылық алқаптарда, су айдындарда және (немесе) учаскелерде; 2) мерзім бойынша: тұрақты (қолданылу мерзімдері көрсетілмей) не белгілі бір мерзімдерге; 3) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын аулаудың әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолдану бойынша; 4) жануарлардың жекелеген түрлерін немесе топтарын, олардың белгілі бір популяциясын алу нормаларын шектеу мен өзгерту қажеттігі туындағанда жануарлардың түрлері бойынша не жынысы немесе жасы бойынша; 5) жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдаланушылар санын шектеу бойынша белгіленеді.
2. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.23.08. № 825 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) тиісті бюджеттік бағдарламалар шеңберінде әзірленген биологиялық негіздеменің түрінде немесе құрамында мамандандырылған ғылыми ұйымдар жануарлардың белгілі бір түрлеріне арналған шектеулер мен тыйым салулар бойынша берген ұсыныстардың түсуіне қарай шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзетудің орындылығын қарайды. ҚР Үкіметінің 2013.23.08. № 825 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Уәкілетті орган жануарлар дүниесінің объектілерін сақтауға, сондай-ақ олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған шектеулер мен тыйым салулар бойынша ұсынымдарды ескереді. ҚР Үкіметінің 2013.23.08. № 825 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық негіздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2013.23.08. № 825 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзету орынды болған жағдайларда, уәкілетті орган биологиялық негіздемелерге және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес жануарлардың тиісті түрлеріне шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірлейді. 8. Уәкілетті орган әзірленген шешім жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 9. Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық негіздемелердің және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу туралы шешім қабылдайды. 10. Белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың орындалуын бақылауды уәкілетті органның тиісті ведомстволары және олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |